Home
ҚАЗ | РУС | ENG

Қадірменді оқырман!

 

ҚазТАГ топ жаңалықтары - ұялы телефонға

ҚазТАГ халықаралық агенттігі 2009 жылдың 7 сәуірінен бастап жаңа қызметті іске қосты - «Билайн» және «K-cell» ұялы байланыс операторларының телефондарына жаңалықтар жібере бастады. Қызметке жазылу үшін абонент «1054» қысқа нөміріне«новости» немесе «novosti» деп жазылған SMS жолдауы тиіс. Осы сәттен бастап ол ҚазТАГ-тың SMS-жаңалықтарына жазылған болып есептеледі.

Қандай хабарламалар келеді? Әрине, топ-жаңалықтар – халықтың барлық топтарына қызықты аса маңызды ақпараттар. Дәлірек айтқанда: биліктің жоғарғы эшелонындағы қызметтен босатулар мен тағайындаулар, маңызды үкіметтік шешімдер, бизнестегі жаңалықтар, қылмыстық істерді қозғау мен тоқтату, төтенше оқиғалар, ауа райының күрт өзгерістері және т.с.с. Бір күнде таңғы сағат 9-дан кешкі 20. 00-ге дейін орташа есеппен осындай 3-5 жаңалық келеді. Жазылудың құны айына 3 500 теңге, ақша абоненттің депозитінен автоматты түрде алынатын болады ақпараттың мазмұнына байланысты мына e-mail-ге: assetms@gmail.com жазсаңыз болады.

Серіктестер

http://kyrtag.kg/
http://kyrtag.kg/

Лондондағы сот

 

 

Ұлыбритания соты Әблязовты сотқа құрметсіздік танытқаны үшін 22 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды

 

Лондон. 16 ақпан. ҚазТАГ - Ұлыбритания соты БТА банк түсірген өтініштің барлық үш тармағы бойынша Мұхтар Әблязовты сотқа құрметсіздік танытқаны үшін 22 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлады Лондондағы дереккөз.

«Уақыт күттірмей қамауға алу керек», - деді судья үкімді жариялай отырып.

Сот М. Әблязовты сотқа құрметсіздік танытудың үш оқиғасының әрқайсысы бойынша 22 ай түрмеге қамау туралы үкім шығарды, мұндай жағдайларда 24 ай ең ұзақ мерзім болып табылады.

Алайда, британдық сот жүйесінің ережелеріне сәйкес, үш мерзім бір 22 айлық мерзімге біріктірілуі мүмкін, оның 12 айын М. Әблязов отырып шығуға міндетті, егер М. Әблязов соттың барлық бұйрықтарын уақыт күттірмей орындай бастаса, қалған 10 айы кешірілуі мүмкін.

Судья өз шешімін жариялай отырып, «Әблязовтың сот бұйрықтарын саналы түрде бұзғанына» еш күмәнданбайтынын, «бұл жағдайда түрмеге қамауға балама көрмей тұрғанын» айтты.

«Мен оның алаяқтық туралы істің заңгерлік жағымен айналысу қиын екенін назарға алып отырмын, бірақ бұл - оның өзінің іс-әрекеттерінің нәтижесі», - деді судья үкімді жариялай отырып.

Сондай-ақ, судья барлық жағдайды ескергенде, М. Әблязовты соттың бұйрықтарын орындауға мәжбүрлеудің бір ғана әдісі бар, бұл – оны қамауға алу.

Бұрынғы банкирдің өзі «бұл оны қызықтырмайтынын» айтып, сотқа келген жоқ, деп хабарлады оның адвокаты Данкан Мэтьюс.

М. Әблязовтың ісі бойынша өтетін басқа екі адам Әблязовтың бұрынғы бизнес әріптесі Пол Китреотис пен банкирдің серіктесі Сырым Шалабаев та сотты құрметтемегені үшін түрмеге қамалды.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың басында мемлекет БТА банктің капиталына кіріп, ол «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының бақылауына өткеннен кейін ҚР бас прокуратурасы банктің директорлар кеңесінің экс-басшысы М. Әблязовқа қатысты ірі көлемдегі алаяқтық, жалған компаниялар арқылы банктің қаржысын алып шықты деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Сарапшылардың бағалауынша, М. Әблязов сыбайластарымен бірге оффшорлар арқылы және қамсыздандырылмаған несиелер арқылы Қазақстаннан БТА банк арқылы $10 млрд алып шыққан.

Іс қозғалғаннан кейін ол елден қашып кеткен, қазір Ұлыбританияда тұрып жатыр. Сот шешіміне сәйкес, ол ел аумағынан кете алмайды.

Сондай-ақ, қазақстандық БТА банктің қаржысын талан-таражға салуға байланысты қылмыстар жасады деген айыппен БТА-ның бұрынғы басшылары Р. Солодченко, Ильдар Хажаев және т.б. халықаралық іздеуге жарияланды.

2008 жылдың қорытындысы бойынша БТА банктің шығындары Т1,188 трлн ($9,9 млрд) құрады. Қиын несиелер Т1,094 трлн ($9,12 млрд) құрайды. 2011 жылдың 1 қырқүйегінде БТА-ның проблемалық портфелі $17,5 млрд-тың $13,8 млрд құрады.

Бүгінгі күні «БТА банк» Англияда М. Әблязов пен басқаларға қарсы 9 шағым түсірді. Барлық шағымдардың сомасы$5 млрдқұрап отыр.

 

 

 Лондон соты Әблязовты қамауға алу туралы шешімді келесі жылдың басында қабылдайды

 

 

Алматы. 23 желтоқсан. ҚазТАГ – Лондонның Жоғарғы соты БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовты қамауға алу туралы шешімді келесі жылдың басында қабылдайды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

«Лондонның Жоғарғы сотында «БТА банктің» банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы М. Әблязовты қамауға алу туралы өтініші бойынша тыңдау аяқталды», - делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

Бұрын хабарланғандай, банк М. Әблязовты Англия сотының активтерді қамауға алу туралы қаулысын және активтерге сыртқы басқару енгізу туралы бұйрығын бұза отырып, өзінің бақылауындағы активтерді басқарды, өзінің активтері бойынша сотты алдап, жалған куәлік етті деп айыптады.

«Іс бойынша шешім келесі жылдың басында қабылданады деп күтіліп отыр», - делінген ақпаратта.

 «БТА банк» активтердің ары қарай талан-таражға салынуына жол бермеу үшін М. Әблязовқа қарсы осындай арыз түсірген.

Кредиторлардың алдындағы міндеттемелер аясында БТА банк Англияда банк және оның кеңесшілері бұрынғы басшылықтың кейбір тұлғалары БТА активтерін заңсыз тонады деп санаған транзакциялар топтамасына қатысты бірқатар шағымдар берді.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қамауға алу туралы сот тыңдауы банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Әблязов мырза мен оның сыбайластары заңсыз иеленген миллиардтаған активтерді қайтару мақсатында Әблязов мырзаға қарсы БТА банк дауларының бір бөлігі болып табылады.

2010 жылдың қарашасында судья Тир Әблязов мырзаның анықталған активтеріне сырттай, тәуелсіз басқару(receivership) енгізу туралы шешім шығарды. Нәтижесінде сыртқы басқару бірнеше рет ауысты, енді, ол 600-ден астам компанияға тарады.

2011 жылдың 16 мамырында БТА банк Әблязов мырзаны қамауға алу туралы өтініш берді, 2011 жылғы маусымда Әблязов мырзаның қайын інісі және жақын қызметтесі Сырым Шалабаев сотқа құрметсіздік танытқаны үшін 18 айға қамауға алынды.

Осы жылдың қазан айында ағылшын апелляциялық сотымен Мұхтар Әблязовтың көмекшісі Пол Китреотис сотқа құрметсіздігі үшін 21 айға қамауға алынды.

«Бүгінгі күні БТА банк Англияда Әблязов мырзаға және басқа тұлғаларға қарсы тоғыз шағым берді. Барлық шағымдардың жалпы сомасы шамамен $5 млрд құрайды», - делінген ақпаратта.

«БТА банк» - активтерінің көлемі бойынша үшінші қазақстандық банк. ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің мәліметінше, 2011 жылдың 1 қарашасында банктің активтері Т1,69 трлн құрап, жеке капталы Т162, 43 млрд теріс мәнмен қалыптасты. Банктің 10 айдағы жабылмаған шығыны Т24,7 млрд құрады.

2011 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы ел үкіметі банктің акционерлік капиталының 81,48% иелік ететін басты акционері болып табылады, «Құнды қағаздардың орталық депозитариі» АҚ 15,58% акциясын номиналды ұстаушы, қалған акционерлер (қатысу үлесі 5%-дан төмен) 2,94% акцияларға иелік етеді.

 

 

Лондондағы сотта Әблязовтан жауап алу басталды

  

Лондон.15 желтоқсан. ҚазТАГ – Лондон жоғарғы сотында кешегі сәрсенбіде М. Әблязовтан тұс-тұстан жауап алу түске таман басталды. «Тек қана шындықты, шындықты айтамын, шындықтан басқаны айтпаймын» деп ант берген соң, ол бұрындары сотқа берген жазбаша көрсетулерінің барлығы шындық екенін растады.

Әблязовқа бірінші болып сауалды оның жазбаша берген түсініктеріне қатысты оның адвокаты Данкан Мэтьюс берді. Өзінің көрсетулерінде Сырым Шалабаев М. Әблязов түрмеден босап, Англияға келген кезінде ешқандай қаражаты болмаған деп жазған. Мэтьюстің 2004 жылы олардың қайсысы бай болған деген сауалға  Әблязов: «Менде түк те жоқ, ал Шалабаевта 40 млн доллар қаражат болды», - деп жауап берді.

Одан ары Мэтьюстің сауалдары Әблязовтың түрмеден босап және Ұлыбританияға отбасымен көшіп келген тұстағы қаржылық жағдайына қатысты хатқа байланысты болды. Одан кейін  Александр Удовенкомен қарым қатынастың өрбуі, Eastbridge Capital-дың құрылуы және БТА банк директорлар кеңесінің төрағалығына сайлануына қатысты сауалдар қойылды. БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде ол нені іске асырумен айналыстыңыз деген сауалға, Әблязов HSBC типіндегі халықаралық банк құрумен айналысқанын жеткізді. Ол сондай-ақ одан бизнесті тартып алмақшы болған әрекеттерге тойтарыс бергенін, бірақ банктің операциялық әрекеттеріне араласпағанын жеткізді.

Ол құжаттарды сіз қалай сақтадыңыз деген сауалға, Әблязов, өзінің ата-аналары 14 жастан бастап оны тәртіпке дағдыландырмақшы болғанымен ол оны нашар істейтінін айтты. Оның айтуынша, құжаттар тым көп болып кеткен кезде олардың кейбіреулері із-түссіз жоғалып кетіп отырған. Сондай-ақ ол құжаттарды ешқашан толық оқымай, олардың мәнісіне ғана баратынын жеткізді. Осыны айту арқылы ол, осы процессте айтылып отырған көп нәрселер оның қатысуынсыз болып, және ол одан бейхабар болғанына соттың көзін жеткізуге тырысты. Ол осылайша олар үшін жауапкершілікті өз мойнынан алып тастауға тырысты.

Одан соң М. Әблязовтан жауап алуға шағымданушы жақтың адвокаты Стивен Смит кірісті. Ол сауалдарын М. Әблязовтың Сырым Шалабаевпен қарым-қатынасы мен байланыстарынан бастады. Ол М. Әблязовтың жазбаша берген көрсетулерінде С. Шалабаевпен 2010 жылдың қарашасынан бері байланыспағанын және оның қайда екенінен бейхабар екенін жазғанын атап көрсетті. Бірақ С. Смиттің сауалдарына жауап беру барысында М. Әблязов өзінің қайнағасымен үнемі телефон арқылы сөйлесіп қана қоймай, сонымен қатар шығыс еуропалық бір елге сапарында оның әйелінің өз ағасымен (Сырыммен) кездескенін және сонымен көрші болып, үй сатып алғанын мойындады. М. Әблязов Шалабаев бұл мемлекетке тек келіп-кетіп жүрген шығар, бірақ тұрақты мекен етпейді деп ойлағанын, сондықтан ол туралы өзінің заңгерлеріне оны айтып жату қажет емес деп тапқанын айтты.

М. Әблязов өзінің жауаптарында ұзын-сонар моногтарға кетіп қалып отырғаны себепті судья Тир одан Смиттің сауалдарына «иә, жоқ, білмеймін» түріндегі жауап беруін және жауаптарына түсініктемелерді кейбір жағдайларда ғана беруін сұрады.

Одан неліктен сіз инвестициялауды және активтерді сақтауды оффшорлық компаниялар арқылы жүргіздіңіз деген сауалға ол, сол кезде оффшор дегеннің не екенін онша түсінбесе де, мұны  бизнесті қорғау үшін және салық ауыртпалығын тиімді ету үшін жасадым деп жауап берді. Одан соң ол тағыда сотты оффшорлық компанияларды басқаруға өзінің араласпағанына сендіруге тырысты. Себебі оған оның уақыты болмаған, және ол мұнымен айналысып жүрген Александр Удовенкоға сенгенін айтты.

Атап айтқанда, ол өзінің компаниясының ақтық бенефициарлық иесі ретінде кім тағайындалғанын сұрамапты да. Оның былай деп берген жауабы судья Тирді таң қалдырып, ол компанияның ақтық бенефициарының кім екендігі ұсақ мәселе емес шығар деген болжам айтты. Судьяның пікірінше, Әблязовты компанияның иесі кім екендігі алаңдатпауы мүмкін емес. Бірақ судья лайықты жауап ала алмады.  

Судья Тир аталған процесс азаматтықтан гөрі қылмыстық сипатқа ие болып барады дегенге бейім екенін айта кеткен жөн. 

Смиттің сауалдарының ақтық бөлігі М. Әблязовқа ағылшын сотының оның активтерін «қатырып тастау» туралы бұйрығы табыс етілген кезеңге қатысты болды. М. Әблязов осы сияқты бұйрықтар туралы заңгерлермен осы бұйрық шықпай тұрып консультация алғанын мойындады. М.Әблязовтың айтуынша, заңгерлер сол кезде осындай бұйрықтың не екендігін мардымды түсіндіре алмай, ал оған осы бұйрықты түсінуіне  бір жылдай уақыт кетіпті.

Осымен М. Әблязовтан жауап алудың бірінші бөлігі аяқталды. Жауап алу бейсенбі күні, 15 желтоқсанда жалғасады.

 

  Әблязов отбасымен менде пәтер жалдап тұрған– Сырым Шалабаев

 

Лондон. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Өткен сейсенбіде Англия Жоғарғы сотында БТА банк экс-бастығы Мұхтар Әблязов тарапының куәгері - Сырым Шалабаевтан тұс-тұстан жауап алу жалғасты.

С. Шалабаевтан жауап алу ұзаққа созылып кетуі себепті адвокат С. Смит оған тәржімашының қызметінен бас тартып, аығлшынша жауап беруге кірісуді сұрады. Себебі ол жазбаша жауап беретіндей ағылшынша тәуір біледі екен. Бірақ С. Шалабаев аудармашының қызметін пайдаланған жөн деп тапты.

Тыңдаулар барасында С. Шабалабаев өзінің бизнесі арқылы тапқан аумақты мұрасының барылығына, оның Carlton House және Oaklands Park жылжымаәйтын мүлкін жалпы құны 30 млн фунтқа сатып алуға мүмкіндік бергеніне, онда Мұхтар Әблязов пен оның отбасы пәтер жалдап тұрғанына сотты сендіруге тырысты.

Одан кейін сауалдар С. Шалабаевтың Bubris Investments Limited компаниясындағы рөліне қатысты болды. С. Смидтің айтуынша ол компаниялар М. Әблязовтың компаниялары болып табылады. С. Шабалаев М. Әблязов өзінің активтерін ашқанын және егер осы компания онда көрсетілмесе, онда ол оған тиесілі емес екендігін айтты. Ол неге 2009 жылы Рината Батыргерееваны Bubris-тің ақтық бинефицарлық иесі еткені туралы сауалға ол, оның қателікпен болғанын жеткізді. Адвокат Смит Р. Батыргереева М. Әблязовтың «атаулысы» болғаны туралы болжам айтты. Себебі ол М. Әблязовтың бұрынғы көрсетулерінен белгілі болды.

С.Шалабаев компаниялармен көптеген әрекеттерін  тек өзінің клиенттерінің нұсқауларымен жасағанын және көп жағдайда агенттерге берген құжаттардың мәнісіне бара бермегенін айтты. Ол агнеттердің арасында сот түрмеге қамаған Пол Китреотистің барлығын айтты.

Түстен кейін жауап алу жалғасты. Ол тізімдегі бірқатар компаниялардың, оның ішінде Bubris компаниясының да аттарының өзгертілуіне,олардың бенефициарлық иелерінің өзгеруіне қатысты сауалдармен басталды. С. Шалабаев С. Смидтің оның себебі Англияда осы компанияларға қарсы басталған сотқа байдланысты болды деген болжамын теріске шығарды. Атап айтқанда, Bubris компаниясының ақтық бенефициарлық иесі ретінде БТА банктің бұрынғы қызметкері Қайрат Садықовқа ауыстырғанға қатысты болды. Оның адвокаты өткен аптада сотта көрсетулер айтқан. С. Смидтің пікірінше, Қ. Садықов компанияның шын иесі М. Әблязовты жасыру үшін қойылған жалған адам ғана болған.

Одан кейін С. Смит С. Шалабаев менікі деген компаниялар мен оның активтеріне қатысты сауалдарға өтті. Оның айтуынша, олардың көпшілігінің нақты активтері болмаса да оффшорлық компаниялардан миллиондаған активтерді талап ете алатын құқықтары болған.

Қорытындысында С, Смит С. Шалабаев сотқа берген көрсетулердегі ол өзі жеке меншікке Carlton House және Oaklands Park жылжымайтын мүліктерін сатып алғандығына қатысты сауал қойды.

С. Шалабаев осы екі нысанды да сатып жіргенін айта отырып, оларды кімге және қаншаға сатқанын айтпады.

Лондонда өтіп жатқан сотта БТА банк заңгерлері оффшорлық компаниялардың көпшілігі Әблязовқа тиесілі деп отыр

 

Лондон. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Англия Жоғарғы сотында дүйсенбі күні Мұхтар Әблязов тарапының куәгері - Сырым Шалабаевтан тұс-тұстан жауап алу жалғасты. Жауап алуды шағым беруші жақтың адвокаты Стивен Смит жүргізді.

Тыңдау құпия жерде отырып, көрсетулер айтып отырған Шалабаевпен бейнебайланыс орнатуда туындаған техникалық проблемаларға байланысты бір сағатқа кешігіп басталды.

Қайтадан әңгіме С. Шалабаевтың Лондондағы қызметі және оның Eastbridge Capital компаниясы мен оның директоры Александр Удовенкомен ынтымақтастығы туралы өрбіді. БТА банк заңгерлерінің мәліметтерінше, М. Әблязов дәл осы Eastbridge Capital арқылы оффшорлық компанияларын басқарып отырған. Бұл құжаттар рейдтік тексеруде анықталған.

С. Шалабаев оқиғаның былайша өрбуін теріске шығарып, Eastbridge клиенттерінің арасында тек қана М. Әблязовтың компаниялары ғана емес, көптеген тәуелсіз фирмалар болды деді. Бұл ретте ол тікелей өзіне қатысты компанияларды атап шыға алмай, ол баз бір компаниялардың бенефицарлық иесі, ал баз бір компаниялардың атаулы иесі болғанын алға тартты.

С. Смиттің неліктен көптеген құжаттар артқы күнмен рәсімделген деген сауалына, С. Шалабаев ол әдеттегі күнделікті тәжірибе деп жауап берді.

Жалпы алғанда, ол жұмыс істеген компаниялар туралы С. Шалабаев нақты жауап бере алмай, бұл жағдайлар миллиондаған доллар қаражат аударумен байланысты және соңғы екі жылда болса да үнемі ол оқиғалардың, не құжаттардың есінде қалмағанын алдыға тартып отырды.

Түскі астан соң адвокат С. Смит М. Әблязовтан активтерін ашуды талап еткен және оларды қамауға алу туралы сот бұйрығын ол алған соң С. Шалабаевтың М. Әблязовпен байланыстарына қатысты жауап алуға кірісті. С. Шалабаев М. Әблязов ешқашан одан осы екі бұйрыққа жауап дайындау туралы өтініш жасамағанын, бірақ М. Әблязов үшін қаржылық басқарумен айналысып жүрген қандай да тұлғаларға оның жүгінгенін айтты. Оның кім екенін С. Шалабаев айтудан бас тартты, бірақ кейін ол адамның сотқа таныс екенін мойындады. Бірақ сот көпшілік үшін ашық болуы себепті сотта оны «мүгедек С» деп атады.

Одан кейін С. Шалабаев өзі басқарған оффшорларға қатысты сауалдарға жауап беріп, бірақ олардың шын иелері кім екендігін, сотта аталғандарынан басқасын айтудан бас тартты. Бірақ шағымданушы тарап бұл компаниялардың барлығының болмаса да көпшілігінің шын иесі Мұхтар Әблязов екендігін айтып, ал С. Смиттің айтуынша, компаниялар мен активтер жасырын болуы үшін оны М. Әблязовтар сот бұйрығын бұза отырып, жалған адамдарға жазылған.

БТА банк заңгерлерінің айтуынша, С. Шалабаев дәл осы М. Әблязовтың активтерін жасырумен айналысқан.

Ол неліктен 2010 жылы компанияларын шын иесіне қайтарып бере бастадыңыз деген сауалға С. Шалабев, оны өзінің клиенттеріне зиянын тигізбеу үшін жасадым деп жауап берді. Оның айтуынша, «ол бақытына қарай, Мұхтар Әблязовтың туысы болғанына қарамай, М. Әблязовтың төңірегіндегі болып жатқан оқиғалар оған да әсер етеді, ал ол өз кезегінде оның клиенттерінің бизнесіне де зиянын тигізеді».

Одан соң, куәгер басқа адамдардың аттарын атаудан бас тартып, қауіпсіз мемлекеттерде өмір сүріп жатқан олар өз мемлекеті тарапынан көрсетілетін қысым деген не екенін білмейді деп мәлім етті. Бірақ оны судья Тир бөліп жіберіп, шағымданушы тараптың адвокатының сауалдарына жауап беруін сұрады.

Тыңдаулар соңында С. Смит шағымданушы жақтың тізімде аталған компаниялардың барлығы болмаса да, көп бөлігі М. Әблязовқа тиесілі деген ұстамын жеткізді. Куәгер онымен келіспейтіндігін мәлімдеді.

Сырым Шалабаев Лондондағы сотта оффшорлық компания иелерін атаудан бас тартты

Лондон. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – БТА банк адвокаты Стивен Смит өткен жұма күні болған сот отырысында жауап беруші – банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың тарапының екі куәсінен жауап алды

Олардың біреуі Роман Головкин – БТА банктің бұрынғы қызметкері Қайрат Садықовтың адвокаты, БТА заңгерлерінің пікірінше М. Әблязов Виргин аралдарындағы меншік дүниесін осы Қайратқа рәсімдеген. Адвокат Смит оффшорлық компаниялар, сондай-ақ сол оффшорларға бірнеше жүз миллион доллар аударғандары туралы сұрады.

Головкин оған қойылған сауалдардың көбіне жауап беруден бас тартып, өзінің сенім көрсеткен Садықовтың жазбаша көрсетулерін айтуға ғана келгенін, және «сота оның өзінен жауап алады деп күтпегенін» жеткізді. Ол «адвокаттық құпияның басымдығына сілтемелеп ақпараттарды ашудан бас тартты». Судья Тим бұл жағдайда Р. Головкиннен жауап алудың еш мағынасы жоқ деп, екі сағатқа үзіліс жариялады.

Түс ауа Сырым Шалабаевпен бейнебайланыс орнату мүмкіндігі қайта туындап, адвокат БТА Смит қайталап, оның Ұлыбританиядағы кәсіби қызметінің басталуы туралы суалдарды қойды. Смит куәгердің тікелей отбасына қатысты сауалдарға көшкенде ол «өзінің отбасының қауіпсіздігіне алаңдайтындықтан оған жауап беруден бас тартатынын» мәлімдеді.

Одан кейін сауалдар куәгердің Eastbridge Capital компаниясымен және оның директоры Александр Удовенкомен қарым қатынасы туралы мәселеге ауысты. Шалабаев «Eastbridge компаниясымен ешқашан іскерлік қарым-қатынаста болмағанын және Удовенкомен тікелей жұмыс істегенін, ол оған компанияларды Ұлыбританияда және басқа жақтарда да тіркеуден өткізуге көмекскенін» жеткізді.

БТА заңгерлерінің сол компаниялардың кейбіреулерінің бинефицарлық иелерін атау туралы сауалына С. Шалабаев олардың есімдерін атаудан бас тартты. Ол «өзінің клиенттерінің есімдерін атамағаны үшін 18 айға сотталғанын, ал енді олардың есімдерін атаса, ол қисынсыз болар еді» деді.

БТА заңгерлерінің пікірінше, «бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды, себебі ол сотқа құрмет көрсетпегені үшін сырттай сотталғанда, ол үкім бинефициарлық иелерінің аттарын атамағаны үшін емес, өздерінің активтері туралы, сондай-ақ банк қаражатын жымқырған компаниялар туралы ақпараттарды айтпағын үшін» болған.

Шағымданушы жақтың заңгерлері «жүздеген оффшорлық компаниялар шын мәнісінде М. Әблязовқа тиесілі де, ал Қ. Садықов пен С. Шалабаевтар жалған иелері» болған. С. Шалабаев мұндай мәлімдемемен келіспейтіндігін айтып, «М. Әблязовқа шын мәнісінде бірнеше компания ғана тиесілі» деп мәлімдеді.

Жауап алу бейнебайланыстан туындаған проблемаларға байланысты екі рет үзіліп қалды. Сонымен сот тыңдаулары аяқталды. Сырым Шалабаевтан тұс-тұстан жауап алу сейсенбі күні жалғасады. М. Әблязовтың өзі сейсенбіден соң жауап бере бастайды деп күтілуде.

 

Сырым Шалабаев Мұхтар Әблязовқа қарсы куәлік ету ниетінен кейін жоғалып кетті

Лондон. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Сырым Шалабаев «БТА банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қарсы куәлік ету ниетінен кейін жоғалып кетті.

Бейсенбі күні Лондон уақытымен сағат 10:00-де Сырым Шалабаевтан тұс-тұсынан жауап алу жалғасуға тиіс болатын. Сырым Шалабаев қашып жүргендіктен, оның жүрген жері сотқа белгісіз болғандықтан, жауап алу бейнеконференция түрінде өткізілді. Алайда куәгер бейнебайланысқа шыққан жоқ.

Куәгер құпия орында Мұхтар Әблязов тарапының заңгерлік компаниясының бірнеше өкілімен бірге болған. Әзірге куәліктердің мазмұнды бөлігін таратуға тыйым сақталады.

Сейсенбі күні тыңдаудың бірінші бөлігінде  Сырым Шалабаев судьяға өзінің жеке өмірі мен отбасына қатысты сұрақтарға жауап бермеуге рұқсат ету туралы өтініш жасады. Ол мұны өз жауаптарымен жақындарына қауіп төндіру мүмкіндігімен түсіндірді. Судья Тир БТА банктің адвокаты Стивен Смит сұрап отырған ақпараттың іске тікелей қатысы бар екенін алға тартып, оның өтінішін қабылдаған жоқ.

Сырым Шалабаевтан жауап алу барысында оның «БТА банктің Мұхтар Әблязовқа тағып отырған айыптарды қолдап куәлік етуге дайын екенін және өзінің жеке өмірі мен оның отбасының өміріне қатысты сұрақтардың ол айыптармен еш байланысын көрмей отыр» дегені қызықты сәт болды.

Бұл мәлімдеме залда отырған Мұхтар Әблязов үшін күтпеген жағдай болды, ол мазасызданып, күліп жіберді. Оның бұл реакциясын түсінуге болады, өйткені М. Әблязовтың заңгерлері Сырым Шалабаевты айыптаушы жақтың емес, қорғаушы жақтың куәгері етіп шақырған.

Сот залында Сырым Шалабаевтың бейнебайланысқа шықпағаны анықталды, оның алдағы уақытта куәгерлік етуді жалғастыратыны да белгісіз.

Осыған байланысты М. Әблязовтың адвокаттары куәгермен байланыс орнатып көру үшін судья Тирдан сот тыңдауында екі сағаттық үзіліс жариялауды өтінді. Судья Тир олардың бұл өтінішін қанағаттандырды, алайда екі сағаттан кейін де куәгермен байланыс орнату мүмкін болған жоқ. Заңгерлер онымен байланыс орнату үшін 9 желтоқсанның таңына дейін уақыт сұрады.

Осыған байланысты судья Тир бейсенбі күнгі тыңдауды жабық деп жариялап, оны жұмаға ауыстырды.

Мұхтар Әблязовтан жауап алу келесі аптаға белгіленіп отыр.

 

Лондон. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Англияның жоғарғы сотында сейсенбі күні «БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов тарапындағы куәгер Сәлім Шалабаевтан жауап алынды.

БТА банкадвокаты Стивен СмитС. Шабалабаевтың 2009 жылы Ұлыбританияға келген сәттен бастап бүгінге дейінгі жеке өмірі мен кәсіби қызметтері туралы сұрады.

Жауап алу кезінде С. Шалабаев пен М. Әблязовтың заңгерлерінің сұрауы бойынша жұртшылық және баспасөз өкілдері залдан шығарылып жіберілді. Олар өздерінің өтінішін С. Смиттің кейбір сауалдарында жасырын жасалған мәмілелерде аттары бар адамдардың есімдері аталатынымен түсіндірді.

Судья мұндай шаралардың қажеттігіне күмәнданса да, М. Әблязовтың заңгерлері сотты ары қарай жабық жағдайда өткізу керектігіне көзін жеткізді.

С. Смит «жалған көрсетулер бергені үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы» ескерткен соң, С. Шалабаевсотта онша адал болмағанын мойындады. Куәгер қатты күйгелектеп, қысқа ғана жауап беріп отырды.  

Түстен кейін Сырым Шалабаевтан жауап алу бейнеконференция арқылы жүргізілді, себебі ол қашып жүр және оның қайда екендігі құпия. Жауап алу қалай болғаны жарияланбады. Сәрсенбі күні үзіліс жарияланып, соттың келесі отырысы бейсенбі күні өтетін болды.

 

БТА банктің заңгерлері Әблязов оффшорлық компаниялардың құжаттарын сақтаған контейнерді тапты

Лондон. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні түскі үзілістен кейін Мұхтар Әблязовты Лондонның Жоғарғы сотына құрмет танытпағаны үшін айыптау бойынша сот отырысында «БТА банк» АҚ тарапынан куәгер Крис Хардманның куәгерлігі тыңдалды.

К. Хардман - Хоган Ловеллс заңгерлік компаниясының жетекші маманы, банк жағының басты куәгерлерінің бірі. Оның куәгерлігінде М. Әблязовтың сот бұйрықтарын бұзғаны айтылды, бұл үшін банк қаржы институтының бұрынғы басшысын қамауға алуды талап етіп отыр.

Лондонның Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, БТА банк банкке М. Әблязов келтірген шығынды өтеу туралы жеті арызы бойынша процестер аяқталғанша М. Әблязов өз активтерін KPMG компаниясына сыртқы басқаруға беруге тиіс болатын.

Жауапкердің адвокаты Данкан Мэтьюс арызданушы М. Әблязовтың кінәсінің дәлелі ретінде ұсынған құжаттарға қатысты сұрақтар қойды. Сұрақтардың бірқатары Лондонның қойма компанияларының бірінен контейнерді санкция арқылы тәркілеу ретінде алынған құжаттарды жариялауға қатысты болды.

К. Хардманның сотқа хабарлаған ақпаратына сәйкес, 600-ден аса оффшорлық компанияның қызметіне қатысты көп құжаттардың құпия қоймасының бар екенін Хоган Ловеллс заңгерлік компаниясы анықтаған. Бұл қоймаға тұрақты келуші Сәлім Шалабаев болған, ол ағасы Сырым Шалабаевқа М. Әблязовтың активтерін соттан жасыруда көмектескен. Сырым Шалабаевты британ соты сот бұйрықтарын бірнеше рет орындамағаны үшін 18 айға түрмеге қамауға кескен.

Сот тыңдауы барысында белгілі болғандай, Сәлім Шалабаев Big Yellow Box қойма кешенінің аумағындағы контейнерден құжаттар салынған жабық қораптарды алып, BishopsAvenue-дегі Әблязовтың резиденциясына апарып отырған. Біраз уақыттан кейін құжаттарды қайтадан контейнерге апарып жүрген.

Бұл контейнерде соттан жасырылған активтерге қатысты құжаттар сақтаулы жатқанын күдіктенген БТА заңгерлері қоймаға рейд жасады. Жалпы 12 сағатқа жалғасқан тексеру барысында заңгерлердің аталған контейнерде М. Әблязов алаяқтық жолмен тапқан қаржысын жасыру үшін пайдаланған оффшорлық компанияларға қатысты құжаттарды сақтады деген күдіктерін қуаттайтын айғақтар жиналды.

Бір контейнерді жалға алу қажеттілігі құжаттардың көптігімен және соттан жасырып, аталған компанияларға бақылауды сақтау ниетімен түсіндірілді, әрбір компания бойынша құжаттардың саны бірнеше томға дейін барады. М. Әблязов құжаттарды жоя алмады, өйткені кейін оффшорға шығарған активтеріне меншік құқығын дәлелдей алмайтын еді.

Сәлім Шалабаев контейнерден жүйелі түрде құжаттарды алып, М. Әблязовтың үйіне апару фактісі М. Әблязовтың БТА-дан алақтық жолмен шығарылған активтерді соттан жасыру операцияларына өзі қатысқанын дәлелдейді, деп есептейді БТА жағы.

М. Әблязовтың өзі Хардманның куәгерлігі тыңдалған уақытта сот залынан бір минутқа да шықпаған, түскі үзіліске де бармаған, тек консультация алу үшін заңгерлерімен бірге кеңес залына шыққан.

 

Әблязовтың адвокатына Қазақстан үкіметінің құлшынысы ұнамайды

Лондон. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – «БТА банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың адвокаты Англия сотының назарын Қазақстан үкіметінің құлшынысына аударды.

БТА банктің бұрынғы басшысына қарсы арызы бойынша процесс барысында М. Әблязовтың адвокаты Данкан Мэтьюс «қазақ үкіметі сотқа құрмет танытпау бойынша басқа процестермен салыстырғанда, ағымдағы процеске көбірек құлшыныспен қарайды» деді.

Д. Мэтьюстың айтуынша, сот амалы «қамауға алу әдісімен М. Әблязовты Қазақстандағы экономикалық және саяси қызметке қатысу мүмкіндігінен айыруды» мақсат етеді.

Төрағалық етуші судья Тир бұл сөзге «арызданушының процеске құлшыныспен қарауының іске қандай да бір қатысы барын көрмейтінін» айтып жауап берді.

Бұл пікір алмасу түскі үзілістен кейін Крис Хардманнан кезектесіп жауап алу кезінде орын алды.

 

Англия соты БТА банк жағының куәгерін тыңдады

Лондон. 6желтоқсан. ҚазТАГ – Англия астанасында «БТА банк» АҚ-ның оның бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қарсы арызы бойынша сот жалғасты.

Дүйсенбі БТА банк жағының куәгері Крис Хардманның сөзі тыңдалды. Оның куәгерлігінде М. Әблязовтың сот бұйрықтарын бұзғаны айтылды, бұл үшін банк қаржы институтының бұрынғы басшысын қамауға алуды талап етіп отыр.

Жауапкердің адвокаты Данкан Мэтьюс арызданушының М. Әблязовтың кінәсін дәлелдеу үшін ұсынған құжаттарға қатысты сұрақтар қойды. Ол сұрақтар М. Әблязов құжаттарын сақтап келген Лондондағы қойма компанияларының бірінің контейнерін санкция арқылы тәркілеу кезінде табылған құжаттарды жариялауға қатысты болды, бұл құжаттардың М. Әблязовтың алаяқтық жолмен тапқан қаржыны жасыру үшін пайдаланған оффшорлық компанияларға қатысы бар.

Сотқа арызданушы тараптың айғақтары ретінде ұсыну үшін құжаттарды іріктеу әдісі туралы сұраққа К. Хардман ответил: «Біз тапқан құжаттардың ішінде бұл процеске тікелей қатысы бар деп есептеген құжаттардың бәрін ұсындық», - деп жауап берді.

Қорғаушы тарап БТА банктің арызында аталған сот қаулыларын бұзу оқиғалары М. Әблязовтың айналасындағы адамдардың әрекеттерінің нәтижесінде болуы мүмкін, ал оның өзі «бұл туралы ештеңе білмеген» деп отыр. Жауапкердің тарабы бұл дәйектерді бұрын да келтірген. Алайда «оны әзірге дәлелдемеген».

К. Хардманнан жауап алынғаннан кейін соттың алдында М. Әблязовтың тарапынан бірінші куәгердің айтқаны тыңдалады. 

 

Әблязовтың адвокаты БТА банктің айыптауларын дәлелсіз деп есептейді

Лондон. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Англия астанасында өтіп жатқан сот процесінде Мұхтар Әблязовтың адвокаты Данкан Мэтьюс өзінің клиентіне қарсы айыптауларды дәлелсіз деп атады.

Д. Мэтьюс бір сағаттан артық сөйледі. Ол өз сөзін ағымдағы тыңдаудың А. Әблязовтың кінәсінің нақты дәлелдеріне емес,  жасауға болатын қорытындыларға ғана негізделгенін айтудан бастады.

«Арызданушы мәртебеліге қорытынды жасауды ұсынады, өйткені оларда наразылықтарын қуаттайтын ешбір дәлел жоқ», деді ол.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, жауапкер жақтың (М.Әблязов – ҚазТАГ) арызданушы судьяны итермелеуге тырысып отырған қорытындыларды жоққа шығаруға болатын белгілі бір құжаттары бар.

Д. Мэтьюс ұсынған дәйектердің біріншісі - арызданушы атаған сот қаулыларын бұзудың үш жағдайындағы тұлғалар мен компаниялар үнемі М. Әблязовтың атынан әрекет етпегенін, және ол олардың қандай да бір әрекеттері туралы бейхабар болуы мүмкін.

Адвокат ондай қорытындыға басты мысал ретінде жауапкерлер ретінде тартылып отырған М. Әблязовтың қайнағасы Сырым Шалабаев пен Александр Удовенко (Истбридж Кэпиталдың бұрынғы директоры – ҚазТАГ) М. Әблязовтың атынан және соның нұсқауы бойынша әрекет етті деген сөзді жалған деп атады.

«БТА банк» АҚ бұрынғы басшысының адвокаты келтірген екінші дәйек - М. Әблязовқа қарсы процесс қорқыныш атмосферасында өтіп жатыр. Оның айтуынша, оның клиенті ғана емес, оның айналасындағы адамдар да «қазақ режимі тарапынан кек алынуы мүмкін» деп алаңдайды.

Д. Мэтьюс «активтердің заңсыз экспроприациялау қорқынышы М. Әблязовты активтерді жасыруға, құжаттарды кейіні уақытпен рәсімдеу сияқты әдістерге итермелеген», бұл - арызданушы тағып отырған наразылықтардың бірі. Жауапкердің адвокатының айтуынша, мұндай тәжірибе Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерінің арасында кеңінен таралған және ол заңсыз мақсаттарды көздемейді.

М. Әблязовтың өкілі сөзін арызданушының заңгерлері М. Әблязовты қамау туралы қорытындыға қатты тырысып жатыр, ал бұл егер олардың жалғыз мақсаты оның алдағы уақытта сот қаулыларын бұзбауы болса, оларға тән емес деп аяқтады. Ол БТА-ның өтінішін М. Әблязовты Қазақстанда саяси және іскерлік қызметпен айналысу мүмкіндігінен айыру ниеті деп атады.

 

Лондонда Мұхтар Әблязовтың үстінен сот басталды

Алматы. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Лондонда «БТА банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қатысты сот амалы басталды.

М. Әблязов сотқа қатысып, тараптардың сөздерін синхрондық аударманың көмегімен тыңдады. Сот БТА банк заңгерлерінің банктің М. Әблязовты сотқа құрмет көрсетпеуін бірнеше рет қайталағаны үшін қамауға алу туралы сотқа шағым түсіруге негіз болған дәйектерді таныстыруынан басталды.

Сот отырысының барысы туралы толығырақ ҚазТАГ сайтынан «Лондондағы сот» айдарынан оқуға болады. Ондағы ақпарат әрбір сот отырысынан сот амалы аяқталғанша күнделікті түрде жарияланып отырады.

Мұның алдында хабарланғандай, БТА банктің бұрынғы басшылықтың келтірген шығындарын өтеу мен активтерді қайтару бойынша ағылшын сотына түсірген шағымдарының жалпы сомасы 2011 жылдың мамырында $5 млрд құраған. Бұл арыздар 2012 жылы қарала бастайды, ал сот шешімдері 2012-2013 жылдары шығарылады деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың басында мемлекет БТА банктің капиталына кіріп, ол «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының бақылауына өткеннен кейін ҚР бас прокуратурасы банктің директорлар кеңесінің экс-басшысы М. Әблязовқа қатысты ірі көлемдегі алаяқтық, жалған компаниялар арқылы банктің қаржысын алып шықты деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Сарапшылардың бағалауынша, М. Әблязов сыбайластарымен бірге оффшорлар арқылы және қамсыздандырылмаған несиелер арқылы Қазақстаннан БТА банк арқылы $10 млрд алып шыққан.

Іс қозғалғаннан кейін ол елден қашып кеткен, қазір Ұлыбританияда тұрып жатыр. Сот шешіміне сәйкес, ол ел аумағынан кете алмайды.

2008 жылдың қорытындысы бойынша БТА банктің шығындары Т1,188 трлн ($9,9 млрд) құрады. Қиын несиелер Т1,094 трлн ($9,12 млрд) құрайды. 2011 жылдың 1 қырқүйегінде БТА-ның проблемалық портфелі $17,5 млрд-тың $13,8 млрд құрады.