Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ - 2011 жылы ҚР салымшыларының зейнетақы жинақтау қорларындағы (ЖЗҚ) жинақтауларының жалпы сомасы 17,4%-ға өсіп, 2012 жылдың 1 қаңтарында Т2,651 трлн құрады, делінген ҚР Ұлттық банктің қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚБК) баспасөз парағында.
ҚБК мәліметтеріне сәйкес, өткен жылғы зейнетақы салымдары Т416,4 млрд көлемінде түскен.
Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түзілген салымшылардың жеке шоттарына бөлінген комиссиялық сыйақысыз «таза» инвестициялық табыстың көлемі 2011 жылы Т16,3 млрд-қа азайып, 2012 жылдың 1 қаңтарында Т555,1 млрд құрады.
1 қаңтарда салымшылардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасындағы инвестициялық табыстың «таза» үлесі 20,9% құрады.
ЗЖҚ-нан жасалған зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар есептік кезеңде Т233,2 млрд құрады.
2011 жылы қорлар азаматтарға жалпы сомасы Т70,8 қаражат төледі.
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын бір қордан екінші қорға аудару Т1405,5 млрд көлемінде болды.
Жинақталған инфляция деңгейі 59,95% құрағанда, бес жылдық кезеңде зейнетақы қорларының активтері бойынша орташа есептелген жинақтлған кірістілік көлемі 30,04% құрады, жинақталған инфляция 22,96% болғанда, үш жылдық кезеңде жинақталған кірістілік 23,48% құрады. 2010 жылдың желтоқсаны - 2011 жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 2,59% және 7,4% құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарында эмитенттері құнды қағаздар шығару бойынша дефолтқа жол берген құнды қағаздардың үлесі зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 0,6% құрады, бұл абсолюттік көрсеткіште Т17,1 млрд құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы салымдары бойынша есепшоттардың саны 8 137 395 құраса, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы Т2645,6 млрд құрады.
1 қаңтардағы жағдай бойынша, ерікті зейнетақы салымдары бойынша салымшылардың (алушылардың) есепшоттарының саны 38 318, олардың зейнетақы жинақтауларының жалпы сомасы Т1,2 млрд болды.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша, ҚР-да 11 зейнетақы жинақтаушы қоры жұмыс істейді.
- 49 reads





