Home
ҚАЗ | РУС | ENG

Қадірменді оқырман!

 

ҚазТАГ топ жаңалықтары - ұялы телефонға

ҚазТАГ халықаралық агенттігі 2009 жылдың 7 сәуірінен бастап жаңа қызметті іске қосты - «Билайн» және «K-cell» ұялы байланыс операторларының телефондарына жаңалықтар жібере бастады. Қызметке жазылу үшін абонент «1054» қысқа нөміріне«новости» немесе «novosti» деп жазылған SMS жолдауы тиіс. Осы сәттен бастап ол ҚазТАГ-тың SMS-жаңалықтарына жазылған болып есептеледі.

Қандай хабарламалар келеді? Әрине, топ-жаңалықтар – халықтың барлық топтарына қызықты аса маңызды ақпараттар. Дәлірек айтқанда: биліктің жоғарғы эшелонындағы қызметтен босатулар мен тағайындаулар, маңызды үкіметтік шешімдер, бизнестегі жаңалықтар, қылмыстық істерді қозғау мен тоқтату, төтенше оқиғалар, ауа райының күрт өзгерістері және т.с.с. Бір күнде таңғы сағат 9-дан кешкі 20. 00-ге дейін орташа есеппен осындай 3-5 жаңалық келеді. Жазылудың құны айына 3 500 теңге, ақша абоненттің депозитінен автоматты түрде алынатын болады ақпараттың мазмұнына байланысты мына e-mail-ге: assetms@gmail.com жазсаңыз болады.

Серіктестер

http://kyrtag.kg/
http://kyrtag.kg/

Архив топ-новостей

17 Мамыр 17:18

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – «Тойота Центр Алматы» Toyota Ichiban-ның атақты сыйлығын алды, деп дилер-компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

2012 жылы 8 мамырда Будапештте Toyota Motor Europeкомпаниясы 2011 жылы халыққа қызмет көрсеткені үшін Еуропадағы ең үздік Toyota Ichibanсыйлығының иелерін атады.  Биыл «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін «Тойота Центр Алматы»Ichibanсыйлығымен марапаттаудың еуропалық рәсіміне Қазақстан атынан қатысты.  

«Қазақстандық автомобиль нарығында тұңғыш рет Toyota Ichibanатақты сыйлығын алматылық дилер - «Тойота Центр Алматы»алды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Хабарда түсіндіргендей, «Ichiban...

15 Мамыр 19:05

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда жеке басқа қатысты деректерді заңсыз пайдаланған, таратқан және басқаға  бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады, деп ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев мәлім етті.

«Жеке басқа қатысты деректерді заңсыз пайдаланған, таратқан және басқаға  бергені үшін жеке тұлғаларға 50-ден 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Автоматизация құралдарын пайдаланып жасалған осы әрекеттер үшін одан да көп айыппұл қарастырылған», - деді Е. Кененбаев сейсенбі күні «Дербес деректер туралы»және...

15 Мамыр 10:00

 

Астана. 14 мамыр. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД-ға мүше-мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізеді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев.

«Ертең, 15 мамырда, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев Мәскеуде Ресей жағының бастамасымен өтетін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің бейресми отырысына қатысады. Отырыстың аясында Н. Назарбаевтың Достастық елдері басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», - деді А. Әбиболлаев дүйсенбі күні брифингте.

Оның айтуынша, 15 мамырда Мәскеуде Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымының 10...

11 Мамыр 10:07

 

Алматы. 10 мамыр. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда байлар мен кедей қауымның арасында 30 есе айырмашылық бар екені анықталды, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрлігінің экономика институтының әлеуметтік бағдарланған теория орталығының меңгерушісі Аманжол Қошанов.

«Децильді коэффициент (байлар мен кедейлердің арақатынасы - ҚазТАГ) болуы мүмкін шамадан артық, ал кірістердің дифференциациясы дамыған елдер бойынша 4,8 еседен 29 есе көп», - деді А. Қошанов бейсенбі күні ЭСКАТО-ның «Азия-Тынық мұхиты аймағының экономикалық және әлеуметтік ахуалына шолу - 2010» таныстырылымында.

Оның айтуынша, «қоғамның жіктелуі шекті шамадан асты», ал «байлықтың көлемі мен көздері...

10 Мамыр 11:21

7 Мамыр 13:49

Астана. 7 мамыр. ҚазТАГ – ӘселҚожағұлова. Отан қорғаушылары күні қарсаңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен әскери қызметкерлер, құқық қорғау және ұлттық қауіпсіздік орган қызметкерлері ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Мемлекеттік наградалар берілгендер арасында қиын кезеңдерде адам өмірін құтқаруда көрсеткен ерен ерліктері үшін марапатталған төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері де бар.

«Біз бүгін өзіміздің қарулы күштеріміздің 20 жылдығын атап өткелі отырғандықтан аталған оқиғалар ерекше мәнге ие. 1992 жылы 7...

3 Мамыр 16:15

 

Алматы. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша жиынтықталған қаржылық есебіне сәйкес, Қазақстан даму банкі алдынғы жылы Т2,23 млрд кіріс тапса, 2011 жылды Т17 млрд шығынмен қорытындылады, делінген бейсенбі күні Қазақстандық қор биржасының сайтында жарияланған банктің ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, 2011 жылдың соңында банктің активтері 7,17%-ға азайып, Т889,91 млрд құрады, 2010 жылы Т958,61 млрд болған.

Аталған кезеңде банктің міндеттемелері 1,72%-ға қысқарып, Т678,82 млрд құрады, 2010 жылы Т690,73 млрд болған. Жеке капиталы 21,2% азайып, 2012 жылдың басында Т211,09 млрд құраған, ал осыдан бір жыл бұрын Т267,88 млрд болған.

«Қазақстан даму Банкі» АҚ «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры...

2 Мамыр 18:57

Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Астанада 3 мамырда ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымына мүше-мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) отырысы өтеді, деп хабарлайды ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
«Қорғаныс министрлері ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жедел әрекет етуші ұжымдық күштерін (ЖӘҰК) заманауи қаруланумен, әскери және арнайы техникамен жарақтау, оларды дамыту мен жетілдіру, сондай-ақ, әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық, ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрлар даярлау мәселелерін талқылайды»-, делінген ұйымның сәрсенбі күні таратқан ақпаратында....

28 Сәуір 13:12

Астана. 27 сәуір. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанда әлемдік дағдарыстың екінші толқынын еңсеру үшін қоры жеткілікті, деп мәлім етті.

«Елдің қоры маған әлемдік дағдарыс толқынын алдыңғы дағдарысқа қарағанда оңай еңсеретінімізге сенім береді», - деді олжұма күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жетілдіру» тақырыбындағы XIХсессиясында.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлем дағдарыстың екінші толқынын үрейлене күтіп отыр....

27 Сәуір 08:46

 

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Қазақстанда 7 категория мен 6 кіші категория бойынша жүргізуші куәліктерінің жаңа жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР ІІМ жол полициясы комитеті басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов.

«ҚР аумағындағы жол қозғалысы туралы тұжырымдаманың талаптарына сәйкес жүргізуші куәліктерінің жаңа үлгілері енгізіледі, жаңа куәліктердің 7 категориясы: A, B, C, D, BE, CE, DE, және 6 кіші категориясы бар: A1, B1, C1, D1, C1E және D1E», - деді Қ. Сәдуақасов бейсенбі күні ҚР парламенті мәжілісінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында.

...