Наталья Годунова: Қазақстанның Есеп комитеті қаңтар-қыркүйек аралығында 325 млрд теңгеге құқық бұзушылық анықтады

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Наталья Годунова Есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалған сегіз айдан кейін «Нұрлы жол» бағдарламасына, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізін қайта қалпына келтіру жобасына, Щучедегі шаңғы спорты республикалық базасының құрылысына, «ҚР теле-радио ақпарат таратуды цифрландырудың ұлттық жүйесі» жобасына мемлекеттік аудит жүргізілді. ҚазТАГ ХАҚ берген сұхбатында Қазақстанның бас мемаудиторы тексеру барысында анықталған құқық бұзушылықтар, сонымен қатар Есеп комитетінің жүргізген жұмысы туралы айтып берді.

- Наталья Николаевна, Сіз Есеп комитеті қаржы бұзушылықтарын тіркеуден тиімділікті бағалауға көшуде деп айтқан болатынсыз. Бұл дегеніңіз комитет іс жүзінде бюджет қаржысының тиімді игерілуі мен оның ұрланбауын қамтамасыз етуде ме? Жарқын мысал келтіре аласыз ба?

- Жоқ, Есеп комитеті мемлекетік қаржының тиімді игерілуін қамтамасыз етпейді, алайда ол аудит жүргізу арқылы, оның ішінде тиімділікті яғни нысан қызметінің нәтижелігін, өнімділігі мен үнемшілдігін бағалай отырып оған әсерін тигізуде.
Осындай аудиттің басты мақсаты – қаржылай бұзушылықтарды анықтау емес, мемлекеттік қаржыны пайдаланудан лайықты нәтижеге қол жеткізуді анықтау, мемлекеттік органның қызметі туралы объективті және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету, ұсыныстар беру.

- Нақты мысал келтіре аласыз ба?

-Мысалы, Есеп комитеті 2017 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебі бойынша мемлекеттік органдардың ағымдағы қызметін қамтамасыз ету үшін сырттан қаржы тартпауды және қаржының уақытылы игерілуіне және займның мақсатына жетуіне байланысты жауапкершілік жүктеу арқылы халықаралық кеңесшілердің қызметі бойынша шығынды барынша қысқартуды ұсынды. Министр бұл ұсыныстарды қолданысқа енгізу бойынша арнайы жарлық шығарды. Бүгінде қаржы және ұлттық экономика министрліктері Бюджет кодексіне қаржыны уақытында игерілмеуіне және қарыздың күшін негізсіз жоюға байланысты жауапкершілікті жүктеу бойынша өзгерістер енгізуде.

- Есеп комитеті қаржы бұзушылықтарына негіз болған себептерді анықтауда аудит нысандарына қандай көмек көрсетуде?

- Мемаудитке көшкеннен бері Есеп комитеті бұзушылықтарды анықтап тіркеуден ол туралы ескерту беруге көшті. Біз бұзушылықтың себебін анықтаймыз, ол үшін қаржы құжаттарын ғана емес, сонымен қатар жұмыс жоспарын, бағдарламалық құжаттардың орындалуын, ішкі құқықтық құжаттарды сараптамадан өткіземіз, қажет болған жағдайда заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмысын ұйымдастыру мен басқару бойынша ұсыныстар әзірлейміз.

- 2018 жылы аудиттен өткен қай нысандарды есеп комитеті тиімсіз деп таныды? Не себепті?

- Нысандардың жұмысы бюджет қаржысын тиімді игеру призмасы арқылы қаралады. 2018 жылдың тоғыз айында Есеп комитеті 115 нысанға 16 аудиторлық эксперттік-сараптамалық шара өткізді. анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 325 миллиард теңгені құрады, оның ішінде қыржылай бұзышылықтар – 121,3 миллиард, тиімсіз игерілген бюджет қаржысы мен мемлекеттік активтер– 45,9 миллиард, тиімсіз жоспарлану – 157,2 миллиард, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары– 0,5 миллиард теңгені құрады.
Сонымен, мысалы, «ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген барлық нысандардың мәліметтер базасын және қорғау аумағын жасақтау, аумақтың шекарасын анықтау» бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау аясында «Казреставрация»РМК жекеленген ескерткіштердің қорғау аймақтарының координаттарын анықтады. Алайда бұл мақсатта бөлінген 12 миллион теңге тиімсіз жұмсалған, себебі Мәдениет министрлігі аталған ескерткіштерді қорғау бойныша одан ары шара қабылдамаған.
Немесе басқа мысал. Щучеде Шаңғы спортының республикалық базасы 2005 жылдан бастап соғылып келеді. Жоба құрылысының ұзаққа созылуы және құнының қымбаттауы халықаралық талаптарға сәйкес халықаралық федерацияның мақұлдауынсыз жоба бойынша шешімдерге келісілмеген өзгерістердің енгізілуі себеп болып отыр. Нәтижесінде 2005 жылдан бері құрылыстық сметалық құны 29 млрд теңгеге дейін немесе төрт есе артқан.
Сонымен қатар, 2014 жылдан бері «ҚР теле-радио ақпарат таратудың цифрлық ұлттық жүйесі» жобасы жүзеге асырылып келеді және ол 15,1 миллиард теңгеге дейін қымбаттады.
Бұдан басқа, Есеп комитеті атап өткендей, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы қаншалықты қаржыландырылғанына қарамастан инфрақұрылым жағдайының жақсарғаны байқалмайды. Көптеген қызмет көрсетуші кәсіпорындар шығынға батып отыр, ТКШ негізгі қорының тозығы жетіп, 60% құрап отыр және жаңарудан үлесі басым.

- Есеп комитеті тиімсіз деп таныған жобалар мен компаниялар бұл шешіммен келіспей, тексеріс нәтижесін теріске шығаруға тырысты ма? Қалай? Олар Есеп комитетінің шешіміне түсініктеме берді ме? Жалпы, компаниялар аудиторлардың мәліметтеріне қалай жауап қатады?

- Әрине, теріске шығаруға тырысты. Бұл қарапайым жұмыс процесі. Мемаудиторлар аудит барысында барлық аргументтерді тыңдайды.
«Мемлекеттік аудит және қаржылай бақылау туралы» заңға сәйкес тексеріліп жатқан нысанның басшысы қол қойылған аудиторлық есеп келгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оны жоққа шығаруға құқылы.
Теориялық тұрғыда есеп комитетіне келіп түскен шағым Есеп комитетінің мүшесімен және мемаудитормен, құрылымдық бөлімше бастығымен, мемаудитті жүргізуге жауапты маманмен, заң бөлімінің маманымен және тартылған сарапшылармен бірлесіп қаралады. Есепке алынған және алынбаған негіздер көрсетілген мотивациялық жауап Есеп комитетінің жұмыс тобының отырысынан кейін кем дегенде екі күн ішінде жолданады. Тексеріліп жатқан компаниялардың басшылары аудиттың қорытындысы бойынша шешуші шешім қабылданып жатқан Есеп комитетінің отырысында да қарсылық таныта алады.

- 2018 жылы Есеп комитеті қандай мемлекеттік бағдарламаны және стратегиялық жоспарды аудиторлық тексерістен өткізді? Нәтижесі қандай?

- Ағымдағы жылы «Нұрлы Жол» мембағдарламасына ауқымды аудит жүргізілді. Атап өтетін болсақ, бөлінген барлық қаржының 0,07%, немесе 1,9 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған. Бірден айта кетейін, бұл жымқыру немесе мақсатсыз жұмсау емес.
2017 жыл бойынша үкіметтің есебі бойынша қорытынды дайындау барысында 10 бағдарламалық құжатқа жағымсыз денденцияларды анықтау үшін жедел сараптама жүргізілді. Нәтижесінде мақсат пен міндеттерді, шараларды көшіру (4%), мақсат пен міндеттің бір ізділігінің жоқтығы (20%) анықталды. Сонымен қатар, бағдарламаның мақсатты индикаторы 16% орындалмады, тағы да индикатордың 18% мерзіміне жетпесе де тәуекел аймақта тұр.
Жалпы, жоспарлар сапасыз жоспарлау және көрсеткішке қолжеткізу бойынша осал мониторингтің кесірінен орындалмайды.
Бюджеттік жоспарлаудың стратегиялық жоспарлаудан басым екені атап өтілді. Олардың өзара айырмашылығы неде? Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қаржыландыру көзі мен құралы, нәтиже көрсеткіштерінің мәні ұдайы өзгертіліп тұрады.
Есеп комитетінің ұсыныстары Қазақстан – 2025 стратегиялық даму жоспарына сәйкес үкіметтік бағдарламаларды жүргізу барысында ескерілетін болады.

- Тексерілген жоспарлардың ішінде жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша жоспарлар болды ма?

- Автожолдарды қайта қалпына келтіру жоспарларын тексеру барысында министрлік пен ұйымдардың жолдардың жағдайы ең болмаса қанағаттанарлық жағдайда болуы үшін жеткілікті дәрежеде шаралар қабылдамағаны анықталды. Атап айтқанда, Автожол комитеті республикалық маңызы бар жолдарда автоқұралдың габариттері мен сламағын анықтайтын арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары санының артуын қамтамасыз еткен. Бұдан басқа, Автожол комитетінің «Облжолзертханасы» меммекемесі қайта қалпына келтірілген жолдарды сараптамадан өткізуді сапасыз жүзеге асырады. Сонымен қатар, өзін өзі ақтайтын республикалық маңыздағы жолдарды қолданысқа енгізу бойынша міндеттер бау жүзеге асырылуда.
Кейде комитеттің салынған жол учаскесі бойынша қабылдау актілері жоқ. Мәселен, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай " транзиттік көлік дәлізін қайта қалпына кетіру бойынша 1530 шақырым жол учаскесі қабылданбағаны анықталды. Осы ретте, мердігер Қызылорда облысы бойынша жолдың 60% қайта қалпына келтіру жұмыстарын сапасыз орындаған.

- Жаңадан жоспарланып жатқан республикалық бюджетке қандай баға берер едіңіз?

- Есеп комитеті халық пен инвесторлардың алдында мемлекеттің міндетін орындау және қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жүзеге асыру тиімділігін анықтау үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын тиімділік бойынша бағалады.
2015-2019 жж индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ), «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы - 2020», АӨК (агроөндірістік кешенді)субсидиялау, елді ауыз сумен, күндізгі мектеппен, студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, онкологиялық ауруларға шалдыққандардың санын азайту, амбулоторлық деңгейдегі кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында дәрі дәрмек сатып алу бағдарламаларын бағалау аясында бюджет жобасы 90% мемлекеттік жоспарлау көрсеткіштеріне қолжеткізуге бейімделгені анықталды.
Осы ретте, біз бюджетті жоспарлау сапасы артқанын атап өттік. Сонымен, үкімет жалпы «пулмен» инвестжобаларды немесе кейінге шегеру мүмкіндігімен қарастыру тәжірибесін мүлдем алып тастады. Бюджет жобалары барынша кеңейтілген және ұсақ түйекке дейін ескеріліп көрсетілетін болған.
Алайда бюджетті жоспарлауды жақсарту бойынша резервтер бар. Үш жылдық мерзімді бағалау қорытындысы бойынша 620 миллиард теңгені тиімсіз жоспарланған шығын ретінде өзге жобаларға қайта бөлу туралы ұсыныс берілді. Оның ішінде Парламентке бюджет жобасы енгізілмей тұрып үкімет 309 миллиард теңгені ескеріп енгізді, оның ішінде 140 миллиард теңге 2019 жылы қарастырылған. Сонымен қатар, оның ішінде 57 миллиард теңге Парламентке таныстырмас бұрын ескерілді.
Жалпы, Есеп комитетінің тиімсіз шығындарды қайта бөлу бойынша ескертулері елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты. Бүгінде бюджет жобасымен депутатар жұмыс істеуде.

- Бюджеттің базалық үлгісіне енгізілген болжамды бағаны тым төмендетіп жіберген деп есептемейсіз бе? Осының арқасында бюджет тапшылығы да өте төмен соманы құрауы мүмкін ғой...

- Мұнай компанияларының – негізгі салық төлемдерінің сомасы – корпоративті табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша салық және өзгеде төлемдер Ұлттық қорға кетеді. Бюджетке шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің кедендік баж салығы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түседі.
Бюджет жобасына енгізілген болжамда көрсетілген бір баррель үшін 60 доллар базалық болып табылады. Әлемнің жетекші агенттіктері 2019 жылдары мұнайдың бір баррелі 65-69 доллар шамасында болады деп болжам жасауда. Осы ретте, мұнайды экспорттайтын ел ретінде консервативті баға бізге бюджетті әлемдік тауар нарығындағы құбылмалылықтан қорғауға мүмкіндік береді.
Жалпы, республикалық бюджеттің орташа мерзімдегі өлшемдері барынша теңестірілген, шығындар толыққанды табыспен және тапшылықты қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілген.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage