Алдағы 3 күнде Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынды, салқын ауа райы күтіледі

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – 24-26 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын болып, күн салқындайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстанның солтүстік облыстарында кеше ғана жауын-шашын туындатқан, суық арктикалық фронттар, шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, ауа  температурасы төмендейді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктердің болжамынша, қалған аймақтың ауа-райына Поволжьядан келетін антициклон ықпал етеді.
«Оның ықпалы қысқа мерзімді болады, себебі Баренцев теңізінің үстінде кезекті арктикалық фронттар қалыптасуда, ол 25 мамырда күндіз солтүстік облыстарға жетіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жылжи бастайды. Осыған байланысты тек оңтүстікте және 25-26 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында басымырақ жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Қазақстанның қалған аумағына жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, желдің дауылды күшеюі күтіледі», - делінген хабарда.  
Сондай-ақ, синоптиктер хабарлағандай, 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланды.
«Оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20  м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавловск қ. 24 мамырда  оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтілуде. Күндіз  найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін», - деді синоптиктер.

adimage