Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

   Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «20 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с»,- делінген хабарламада.
Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорган қ.: күндіз 20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
«Абай облысында және Шығыс Қазақстан облысының жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Шығыс Қазақстан және Абай (Жарма және Көкпекті аудандары) облыстарында жоғары температуралық фонның сақталуына және 19-20 сәуірде жаңбыр түріндегі жауын шашын болжамына, сондай-ақ орта таулы аймақтарда қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, беткейлік ағынның қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіледі.
Бұл ретте автожолдар, теміржолдар, тұрғын елді-мекендер мен шаруалық құрылыстарды судың жайылуы мен су басуы мүмкін»,- деп ескертті «Казгидрометте».
Ақтөбе облыстың оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 20 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
«2024 жылдың 20-26 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) келуіне байланысты, Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Кызылжар және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі (су тасқынының екінші толқыны) және қауіпті деңгейден асуы күтілуде.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзеннің төменгі ағысында, сондай-ақ өзеннің жайылмалы аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады»,- деп ескертті синоптиктер.
20 сәуірде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 25 м/с. Шымкент қ.: 20 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 20 сәуірде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
«2024 жылдың 20-22 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», – деп қосты Казгидромет.

Фото көзі: pixabay.com


adimage