Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ — Қазақстан мен Қытай арасында тәуліктік жүк беру 59,7 мыңнан асқан, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. «20 сәуірде Қазақстан мен Қытай шекаралық - Достық станциясында 38 пойыз алмасылды. ҚХР – ға 20 пойыз беріліп, 18 құрам қабылданды. Экспорттық-импорттық қатынастарда жүктердің тәуліктік берілуі 59,7 мың тоннадан асты. Бұған дейін Достық және Алашаңқай станциялары арасында пойыз алмасу тәулігіне 26 құрамға жеткен», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Рекорд Қытай темір жолы, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, Достық станциясы қызметкерлерінің және Алматы өңірлік тасымалдау басқармасы орталығының мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында орнатылды.
Қатысты сілтемелер
-
Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды6 Мамыр 2024, 08:56
-
Дүйсенбі күні Алматы мен Шымкентте күн күркірейді, Астанада күн бұлтты6 Мамыр 2024, 08:37
-
«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel-ді катар компаниясына сату туралы шешім қабылдады4 Мамыр 2024, 17:54
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,52-ге өсіп, Т441,58 болды4 Мамыр 2024, 17:30