Қазақстандықтар енді Жайық өзенін онлайн режимде және 360 форматында бықылай алады

Атырау. 4 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандықтар енді Жайық өзенін онлайн режимде және 360 форматында бақылай алады, деп хабарлады ТЖ жөніндегі өңірлік жедел штаб.
«Атырауда «Атырау 360» жобасы іске қосылды. Ол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары Жайық өзенінің жағдайын 360 градус форматында бақылай алады. Бұл жоба жергілікті еріктілер мен Атырау облысы жедел штабының ақпараттық қолдауының арқасында жүзеге асырылды», - делінген сенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, күн сайын сайтта Жайық өзенінің әр түрлі бөлігін көрсететін жаңа суреттер жүктеліп отырады.
«Қазіргі таңда сайтта Бесікті, ДШСК, Авангард, Перетаска аудандарының панорамалық суреттері жүктелген. Суреттерді 360 градус форматында atyrau360.kz жобасының ресми сайтынан көруге болады», – делінген хабарда.

adimage