Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Астана қ.: 29 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 29 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, найзағай кезінде екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 29 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі», – делінген хабарда.
29 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 29 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 29 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с . Петропавл қ.: 29 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде Түркістан облысының тауында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
29 сәуірде күндіз Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
29 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 29 сәуірде оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
29 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 18 м/с.

adimage