«ҚазАгроҚаржыны» несиелеуге үш жылда бюджеттен Т600 млрд бөлмек

   Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ– «ҚазАгроҚаржыны» несиелеуге үш жылда бюджеттен Т600 млрд бөлмек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және кейін 2025-2027 жылдарға лизингке бере отырып қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелеу арқылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелеу», мың теңге – ҚазТАГ): 2025 жыл - 200 000 000; 2026 жыл - 200 000 000; 2027 жыл - 200 000 000», - деп бюджет жобасында айтылған.
   Жалпы сома – Т600 000 000 000.
   Мақсаты - ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және кеңейту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне (АШТӨ) қаржылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды қолдау.
   «Міндеттер: Пайдаланылатын (өнімді) техниканы жаңарту деңгейі, %: 2025 жылда – 3,4%, 2026 жылда – 3,1%, 2027 жылда – 2,8%», - деп жоба міндеттерінде айтылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage