Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада  құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, батыстан, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады,  екпіні 15-20 м/с жетеді,+19+21.
Алматыда құбылмалы бұлтты, 2-7 м/с жел тұрады, жаңбыр жаууы мүмкін, +15+17.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +18+23, +19+24, +12+17 және +23+28. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні  23-28 м/с дейін жетуі мүмкін,  кей жерлерде бұршақ жауады.
Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді, 15-23 м/с жел тұрады, +17+22. Шығыс Қазақстан облысында  кей жерлерде  жаңбыр жауады, 15-23  м/с жел тұрады, +8+13.
Алматы облысында күндіз жауын-шашынсыз, +13+18.  Жамбыл   облысында  да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-23 м/с жел тұрады,  +18+23.  Оңтүстік Қазақстан  облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін, +25+30; таулы және тау маңы аудандарында жаңбыр жауады, күн күркірейді.  Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +24+29.  
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сәйкесінше, +28+33, +29+34, +26+31 және +25+30. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, Атырау облысының жекелеген аудандарында күндіз күн қатты ысиды, 15-20 м/с жел тұрады.  
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы  таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, ШҚО жекелеген өзендерінде жаңбырға байланысты су деңгейі көтеріледі.  Жазықтық аумақтағы   өзендерде  гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді.  


adimage