Геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесіне бес жылда Т34,7 млрд жұмсау жоспарлануда

   Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ - Геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесіне бес жылда Т34,7 млрд жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Еліміздің мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесінің деңгейін арттыру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 10 601 871; 2024 жыл - 10 254 621; 2025 жыл - 6 537 284; 2026 жыл - 3 861 126; 2027 жыл - 3 469 206», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома - Т34 724 108 000.
   Мақсаты - еліміздің мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесінің деңгейін арттыру.
  «Міндеттер: Қазақстан Республикасының аумағын жергілікті жердің қазіргі жағдайына сәйкес келетін, масштабты 1:25 000 цифрлық топографиялық карталармен және масштабты 1:2 000 қала жоспарларымен қамту деңгейі 2025 жылы - 99,37 %; 2026 жылы - 99,63 %; 2027 жылы - 99,88%», - деп бюджет жобасында айтылған.
   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекара сызығында геодезиялық және картографиялық іс-шараларды орындайтын елдердің саны 2025 жылы - 2 бірлік; 2026 жылы - 2 бірлік; 2027 жылы - 2 бірлік, «Қазақстан Республикасының ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын» өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі 2025 жылы - 25,8 %; 2026 жылы - 29,53 %; 2027 жылы - 31,61% міндеттелген.

Фото көзі: geocompani.ru


adimage