Әлемдегі бүгінгі жағдай барлық елді қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлейді – Назарбаев

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Арсен Асқаров. Әлемдегі бүгінгі жағдай барлық елді  қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлейді, деп мәлім етті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылу рәсімінде .
«Еліміз тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бейбіт саясат жүргізіп отыр. Қорғаныс саласы мен Қарулы Күштердің әлеуетін дамыту – мемлекет басымдықтарының бірі. Орталық Азия бойынша бірегей саналатын «KADEX» халықаралық көрмесі бұл басымдықтарды іске асырудың тиімді құралы болып табылады», - деді сәрсенбіде Н.Назарбаев көрменің ашылуы барысында.  Шетелдік қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары арасындағы халықаралық кооперация мен серіктестікті дамытуға септігін тигізетін болады.
«Сондай-ақ, бұл инвестиция тартып, жалпы Қазақстан экономикасының экспорттық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етеді», - деді президент.
Мұнымен қатар, ол Қазақстанның ғарыш саласындағы әлеуетін атап өтті.  
«Еліміз ресйелік әріптестермен ғарыш саласын бюелсенді дамытып жатыр. монвмен қатар көрме қонақтары қорғаныс өнеркәсібі кешені және ғарыш саласындағы соңғы жетістіктермен таныса алады. Бұл жолы электрондық жүйе мен байланыс және қару-жарақты басқару жүйесін дамытуға айрықша мән берілді.  бұл ретте ақпараттық қауіпсіздік саласныда жетекші құрастыру бюроларының әзірлемелері ұсынылған.  биыл көқрмеге қатысу үшін 40 елдің ресми өклі імен 108 шетелдің еомпаняиның басшылары келген  ъь», - заключил Н. Назарбаев.
  KADEX-2018 әскери көрме Астанада 26 мамырға дейін жалғасады.    


adimage