Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Қонаев қаласына әкім болып тағайындалды

   Қонаев. 19 сәуір. ҚазТАГ- Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.
   «Алматы облысы әкімінің өкімімен Бердіханов Асхат Ермекұлы Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды», - делінген жұма күнгі хабарламада.
   Бердіханов 2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - бас инженері болып жұмыс істеді. Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының бас менеджері, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ бас инженері, "Samruk-Kazyna Construction" басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Фото көзі: Пресс-служба акима Алматинской области


adimage