«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 119 934 383,9; 2024 жыл - 158 140 538; 2025 жыл - 170 619 969; 2026 жыл - 171 765 815; 2027 жыл - 171 949 302», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т792 410 007 900.
«Міндеттер: Қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жай-күйін қамтамасыз ету және профилактикалық қызметті жетілдіру, қылмыстар мен әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру бойынша функцияларды орындау, заңнамада белгіленген құзыреті шегінде алдын ала тергеуді, анықтауды және әкімшілік өндірісті жүзеге асыру», - деп жобада жазылған .
Фото көзі: ©Мадина Алимханова