Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашын күтіледі

    Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   "Республикамыз бойынша желдің екпін алуы күтіледі, еліміздің батысында, орталығында, шығысында найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауады, сондай-ақ еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қатты жел тұрады, солтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада күн ала- бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде, күндіз +6+8,
Алматыда күн ала- бұлтты, жауын- шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +20+22.
Шымкентте күн ала- бұлтты, жауын шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +22+24.
Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашын болады. Күндіз және түнде +6+11.
Алматы облысының таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +19+24, түнде +1+6.
Ақтөбе облысында солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Күндіз және таңертең +10+15.
Қостанай облысында жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде +2+7.

adimage