Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ- Binance Kazakhstan компаниясының бұрынғы басшысы Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 30-сәуірде Президент осы уақытқа дейін Цифрлық даму министрлігін басқарған Бағдат Мусинді қызметінен босатқан болатын. Мусин бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды. Кейінірек экс-министр отставкаға кеткені туралы әлеуметтік желіде хабарлады.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстау облысында бас полицей тағайындалды17 Мамыр 2024, 17:55
-
Маңғыстау облысының әкіміне кандидат мінген ұшақ Ақтауға жақындады17 Мамыр 2024, 16:14