Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді, деп атап өтті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе», - деп жазды Тоқаев сәрсенбі күні Twitter парақшасында.
Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз.
«Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет», - деді Тоқаев.
Қатысты сілтемелер
-
Бектенов: БҚО-ны жойқын су тасқынынан сақтай алдық. Келесі міндет – Атырауды қорғау29 Сәуiр 2024, 18:32
-
Ресей колониясындағы қазақстандықтардың бірде біреуі соғысқа тартылған жоқ – CІМ29 Сәуiр 2024, 17:39