Ақтөбе облысында 20 жылдан астам уақыт тоқтап тұрған минералды су құю зауыты жұмысын жандандырды

Ақтөбе. 23 мамыр. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында 20 жылдан астам уақыт тоқтап тұрған минералды су құю зауыты жұмысын жандандырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Ақтөбе облысында минералды су өндірісі қайта жанданды. «Қазақстан минералды сулары» ЖШС өндірісін жаңғыртуға Т780 млн жұмсалған. 2017 жылдың ақпанында  су құю желісі тестік режімде іске қосылды. Бүгінде өндіріс толық қуатқа шықты», - деп хабарлады сәрсенбі күні Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз ықзметінен.  
Облыс әкімдігінде атап өткендей, зауыт 90-шы жылдардан бастап тұрып қалды.  Осы күннен бастап «Shalqar» бренді бар емдік су Ақтөбе облысының сауда сөрелері мен одан тыс жерлерге шығарылмақ.
«Президент тапсырмасына сәйкес біздің облыста кәсіпкерлікті, соның ішінде тұрып қалған кәсіпорындарды қолдауға қажет барлық шаралар қолданылып жатыр. Шалқар минералды суы өз кезеңінде барлық Кеңес Одағына белгілі болды. Кәсіпорын объективті себептерге байланысты көптеген жылдар бойы жұмыс істемеді. Бүгін ол қайтадан іске қосылды, мен осы қуанышты іс-шарамен, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды құттықтаймын. Мен зауыт аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді және оның өнімдері біздің елде ғана емес, сондай-ақ көрші елдерде де сұранысқа ие болады деп сенемін», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өндірістің ашылу салтанатында.  
Үлкен минералды азотты-кремний су қоры 20 ғасырдың 50-жылдарының соңында Шалқар ауданында табылған. 1961 жылы қалада минералды су құятын шағын цех ашылды, ал 1979 жылы ол қалпына келтіріліп, жаңа зауыт салынды. Емдік-асханалық минералды судың құрамы шынымен бірегей және пайдалы: «Шалқар» суы Кеңес Одағының бүкіл дәріханаларында сатылатын.
Кәсіпорын өкілдері атап өткендей, бүгінде мұнда бір күнге сыйымдылығы пластикалық және шыны бөтелкелерге 45 000 литр минералды, 75 000 литр газдалған және 0,5 пен 5 литр арасында ауыз су құятын еуропалық заманауи жабдықтар орналасқан (жылына 965 000 минералды және 911 000 асханалық су бөтелкелері).
«Жабдықтар, негізінен Италиядан. Минералды су көзінің эксплуатациясына жаңа технологияларды қолданып, оның сапасын нашарлатпай, судың түпнұсқа құрамын өзгертпей және оның қасиеттерін сақтаймыз. Біз өз өнімдерімізді республикадан тыс жерлерде шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін біз сапалы жұмыс жасаймыз, халықаралық сертификаттар аламыз. Тапсырыстар алынады», - деді кәсіпорынның бас технологы Роза Халикова.
Өндірістің басталуымен 40 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.




adimage