Алматы облысында өрт сөндіру автосатысын сатып алуға Т587,5 млн жұмсау жоспарлануда

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Алматы облысында өрт сөндіру автосатысын сатып алуға Т587,5 млн жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ; атауы - автомобиль; қосымша сипаттамасы - Ал-50 өрт сөндіру автосатысын сатып алу; саны - бір; өлшем бірлік - бірлік; жоспарлы сома - Т587 550 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 25 сәуірде басталған, аяқталу мерзімі 30 сәуір.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage