Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды, солтүстік-батыста қиырында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі», - делінген хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлауын бастайды.

adimage