Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды,деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Алматы әуежайында жолаушы ретінде кетіп ұшып бара жатқан Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды», – деп жауап берді ҚазТАГ редакциясына Air Astana баспасөз қызметінен.

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Атап өтілгендей ұшқыш жұмастан шеттетілген.

Айта кетейік, Air Astana баспасөз қызметі ұшқыштың соңғы рейсінде қашан болғаны және ұсталған кезде оның үстінде есірткі бар-жоғы туралы редакцияның сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Бүгінде ҚазТАГ редакциясы  көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен  де жауап күтуде.

2017 жылы Амстердамда алкогольдік сынақтан өте алмаған «Эйр Астана» ұшқышы жұмысынан қуылған болатын.

adimage