Апат шеңберінде өздерін пиар жасағандар сынға алынды, Ақтөбе облысында тағы бес кентті су басу мүмкін және тағы басқа тақырыптар дайджесті

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ - Апат шеңберінде өздерін пиар жасағандар сынға алынды, Ақтөбе облысында тағы бес кентті су басу мүмкін және тағы басқа тақырыптар дайджестін ҚазТАГ агенттігі ұсанады.
«Ақтөбе облысында тағы бес кентті су басу қаупі бар»
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар, деп хабарлайды Halyq-uni.kz.
Қазіргі уақытта елді мекендерде бөгеттер тұрғызылып жатыр.
«Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды, Нұра ауылында ұзындығы 5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет нығайтылды. Құйлыс ауылында ұзындығы 2,5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет, Белшер ауылында ұзындығы 1,5 км, ені 3,5 м және биіктігі 3 м бөгет тұрғызылды, жұмыстар жалғасуда», - деді Ақтөбе облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжанов.
«ІІМ: Елімізде су тасқынынан жеті адам қаза тапты»
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев су тасқыны кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Тurkystan.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде қайғылы оқиға болған.
«Осындай қайғылы жағдайлар орын алып, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Абай облысында екі адам жоғалып кетті және Атырау облысында да деректер анықталды. Бұл фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды және тергеу тиісті процессуалдық шараларды атқарып жатыр. Оның нәтижелері мұның қалай болғанын, себептерін, оған ықпал ететін жағдайларды және осы оқиғаларға кімнің кінәлі екенін анықтауға мүмкіндік береді», - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
«60 жуық басшы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген – Антикор»
Антикор су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz.
«Биыл 1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша бес мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы - әртүрлі деңгейдегі басшылар», - делінген хабарламада.
«Пиардың күйін күйттеп, музыка салып, клип түсіруге барғандай: журналист блогерлер мен шенеуніктерді сынады»
Танымал журналист Ерболат Мұхамеджан су тасқынына көмектесемін деп жүрген біраз адамды сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Біздің кейбір әнші, әртіс, қоғам қайраткерлері, блогерлер, депутаттар, министрлер су тасқыны орын алған өңірлерге барып жатыр. Барсын әрине, бармасын демейміз. Бірақ сырттай қарағанда контент жасаумен айналысып жатқандай көрінеді. Әнші, әртіс, қоғам қайраткерлері, блогерлер елді сабырға шақырып, үндемей-ақ көмектескеннің орнына, халықты шулатып байбаламға салып жатқандай әсер қалдырады», - деді журналист.
Оның айтуынша, сол өңірлердегі азаматтар осылайша өздерінің жұмыстарына кедергі жасап жатқанын жеткізген.
«СҚО су тасқынының екінші толқынына дайын ба?»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте өңірдегі жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Оның айтуынша, Сергеев су қоймасында аққан судың ең жоғары көрсеткіші 425 см болды. Бірінші толқын өткеннен кейін ол 250 см дейін төмендеді. Қазіргі уақытта екінші толқынның келуіне байланысты су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қазір – 265 см.
«Күш пен қаражат жеткілікті. Оның үстіне, бүгін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскер көмекке келді», - деді спикер.

Фото көзі: МЧС


adimage