Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру үшін кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді», - деп жауап берді үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттық сауалға.
Премьердің айтуынша, мемлекеттік елтаңбаның ықтимал өзгерістерін талқылау бойынша қоғамдық пікірталастарды зерделеу және өткізу үшін Қазақстан Республикасы парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, тарих, филология, археология, антропология және әлеуметтану саласындағы ғалымдардан сарапшылар пулы қалыптастырылуда.
«Жалпы келісім болған жағдайда, барлық аспектілерді нысаналы қарау үшін жұмыс органы мәдениет және ақпарат министрлігі болатын комиссия құру жоспарлануда», - деп мәлімдеді Бектенов.
Айта кетсек, мәжіліс депутаттары премьер-министрге жолдаған сауалында президенттің елтаңбаны қоғаммен талқылау туралы бастамасын қолдайтынын және оны тарихи сабақтастықты, заман сұранысын ескеріп, жетілдіру жайын ойластыру керектігін айтқан.
«Бұл маңызды істі осыған жауапты мемлекеттік органдардың қолға алып, көпшілікпен, тиісті мамандармен, қолданыстағы елтаңба авторымен жан-жақты талқылау ұйымдастыруын ұсынамыз», - деді депутаттар.

Фото көзі: azattyq.org


adimage