Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында 250 нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға болады

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Kaspi.kz  ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департементімен, цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп қазақстандақтар үшін тағы бір онлайн сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында 250 нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға болады.  

«Мемлекеттік органдармен бірлесіп декларацияны тапсыру процесі барынша жеңіл және түсінікті болуы үшін күш салдық. Бүгінде жеке тұлғалар болсын, заңды тұлғалар болсын Kaspi.kz және Kaspi Pay мобильді қосымшалары арқылы көлік салығын, мүлік салығын, табыс салығын, жер салығын, кедендік баж салығын, ҚҚС-ны және басқа да төлемдерді төлеуде. 2023 жылы Kaspi.kz-тің онлайн жүйесі арқылы 1,2 трлн теңге салық төленді. Ал  2024 жылдың І тоқсанында 400 млрд теңгеден асты. Бұл 2023 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 60%-ға артық», - деді Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе.

«Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz), «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, eGov мобильді қосымшасы арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық қызметтер іске қосылды. Осы мақсатта жетекші банктердің мобильді қосымшалары, соның ішінде Kaspi.kz іске қосылды. Активтер мен міндеттемелер туралы есепті (250-нысан) толтыру оңай, ыңғайлы және қолжетімді. Жалпы декларанттардың 99,9 пайызы электронды нысанды таңдаған. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер, құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары 250 нысанын толтырады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 миллион қазақстандық енгізіледі. Бас айта кететін жайт, Мемлекеттік кірістер департаменті декларация тапсыру саясатын барынша жеңілдету және автоматтандыру жұмыстарын жалғастыра береді», - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев.

Комитет басшысы атап өткендей, МКК-ның сервистік жұмыс үлгісі мемлекет басшысының берген тапсырмаларының бірін орындау мақсатында жүзеге асырылған.

«Өткен жылдың қараша айында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Үкіметке мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және азаматтарға ыңғайлы болу үшін енгізіліп жатқан цифрлық қызметтер туралы есеп берді. Ағымдағы жылға арналған жоспарларды баяндай келе, министр Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті министрлікпен бірлесіп, салық есептілігін тапсыру жүйесін қайта қарап, жеңілдетілген декларация тапсыру қызметін енгізетінін хабарлаған.  Бүгінде бұл қызмет Kaspi платформасында жүзеге асырылуда. Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін реинжинирингтеу бойынша жұмысты жалғастыруда және бұл бағыттағы жұмыс одан ары жалғаса береді», - деді ҚР ЦДИФӨМ Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін комитет төрағасының орынбасары Айнұр Жүсіпова.

250 нысандағы декларация – бұл азаматтың жинақталған активтері мен міндеттемелері туралы есеп. Оны тек бір рет – жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде беру қажет. Барлық кейінгі жылдық қайтарулар 250-нысанында бастапқыда жарияланған мүлікке өзгерістерді көрсетеді. Сондықтан бұл үлгіні дұрыс толтыру өте маңызды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары мен олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары 250-нысан бойынша декларация тапсыруға міндетті. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасының барлық азаматтары декларация тапсыруға міндетті.

250-нысан бойынша декларацияны тапсыру туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасының «Гид» бөлімінде оқыңыз.

adimage