Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалына шығатындар анықталды

Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ – 23 мамырда футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалына шығатындар анықталды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
1/4 финалдың кезеңі бір матчтан тұрды. Сәйкесінше, жеңімпаз турнирдің келесі кезеңінде ойнау құқығына ие болды.  
Өткен ойындарда «Шахтер»   «Қайсарды» (2:1) жеңді, «Мақтаарал»   «Ертістен» (0:3) жеңілді, «Ордабасы»  «Қайраттан» - (1:1,  пенальти - 3:4) жеңілді, «Атырау» «Тобылдан» (2:1) басым түсті.
Осылайша,екі ойыннан тұратын  Қазақстан Кубогының жартылай финалына  «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат» пен «Атырау» шығады.
Жұптарға жеребе салу 25 мамырда Астанада өтеді.  ½ финалдың бірінші матчы 14 маусымда, қарымта матч - 27 маусымда өтеді.

adimage