Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Астанаға келді, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
«Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Кэмеронның елге сапары барысында ынтымақтастықты тереңдету мәселесі талқыланады деп күтілуде.

Фото көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі


adimage