Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды

Ақтау. 29 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлады «Лада».
«Дауылдан кейін біздің мамандар теңіз жағалауында өлекселердің бар-жоғын үнемі тексереді. Олар басқа жерде өлген. Себебін медсараптама анықтайды. Көздерін өліп қалғаннан кейін шұқыған сияқты. Оны әдетте құстар шұқып тастайды», - деді Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.
Соңғы үш күн бойы Каспийде қатты дауыл тұрды. Әлеуметтік желілерде көздері зақымдалған итбалықтардың кадрлары тарады. 29 наурызда Түпқараған ауданында теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылған.
Мамандардың алдын-ала тексеруінен кейін белгілі болғандай, өлекселерде қандай да болмасын зақым келтіру, жарақат және оларды өлтіру белгісі анықталмаған.

adimage