Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Түркістан қаласы мен Түркістан облысының жолдарын түгендеу және паспорттау қызметтеріне Т150 млн жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ; атауы - төлқұжаттандыру/мүліктендіру бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - Түркістан қаласы мен Түркістан облысының жолдарын түгендеу және паспорттау қызметтері; жоспарлы сома - Т150 000 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 27 наурызда басталған, аяқталу мерзімі 11 сәуірде.

Фото көзі: egemen.kz


adimage