“Қызыл кітапқа” енген қызғалдақты жұлған Ұялыжар ауылдық округінің студенті болып шықты

    Шымкент. 16 сәуір. ҚазТАГ- “Қызыл кітапқа” енген қызғалдақты жұлған Ұялыжар ауылдық округінің студенті болып шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.
   «Әлеуметтік желіде қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлып жатқан қыздың видеосы тарады. Полиция тексеру барысында, Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында 22 жастағы тұрғыны “Қызыл кітапқа” енген "Грейг" қызғалдағын жұлып жатқанын анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, парақшасына жариялаған", - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Осыған орай полицейлер "Грейг" қызғалдақтарын тамашалауға барған тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
«Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Қазір істің мән-жайы анықталуда»,- деді Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

adimage