Сарапшы пікірі: Журналист үшін депутатты немесе ұры шенеунікті көрсету аз, миллиондаған доллардың сатып алуларын тоқтату керек

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Бір депутаттың немесе шенеуніктің миллиондарды ұрлағанын дәлелдеп, көрсету аз, ол жауапқа тартылуы керек, деп есептейді ашық мәліметтер мен ақпарат бойынша маман, Украинадан келген журналист Надия Бабинска.
«Бір депутаттың немесе шенеуніктің миллиондарды ұрлағанын дәлелдеп, көрсету жеткіліксіз. Ары қарай не болады? – шенеунік жауапқа тартылуы үшін бізде тәуелсіз сот және құқық қорғау жүйесі болуы керек», - деді Бабинска «ҚазТАГ» ХАА-ға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Орталық-Азия жастарының желісіне арналған жыл сайынға «Диалог. Мәліметтер. Ақпараттық қауіпсіздік» семинарының кулуарында.
Жемқорлықпен күрес – сарапшының пікірі бойынша жемқорлықты анықтау ғана емес, сол жемқорлардың ізіне түсу.
«Дәл осы дүниемен бізде (Украинада – ҚазТАГ) проблема. Алайда жобадағы журналистер, мысалы Бигус-инфо, оның аясында қоғамдық ұйым бар. Ол жазуға көмектеседі және журналистер де жазады, құқық қорғау органдарына арыз түсіреді, жемқорлықтың ірі фактілері бойынша процестің ашықтығына қол жеткізеді және сот процестеріне қатысады», - деді ол.
Оның айтуынша, кей жағдайда қылмыстық өндіріс ашылады.
«Бұл – нәтиже: кейде, мысалы миллиондаған доллардың сатып алуы тоқтатылады», - деп есептейді журналист.
Бұл көзге көрінген нәтиже, оның айтуынша, оған журналистер мен қоғамдық белсенділердің байланысының арқасында қол жеткізіледі.
Бір нәрсе немесе біреу туралы білу – жеткіліксіз. Бұл кімге пайдалы екенін, не үшін жағдай осылай болып жатқанын түсіну керек, деп жалғастырды сарапшы.
«Мысалы, мен (журналист ретінде – ҚазТАГ) парламентте отырмын және бір депутат күн электр станцияларына тыйым салу туралы заң қабылдауды ұсынады. «Мм, бұл қандай депутат?» Іздей бастаймын және табамын, оның бір кездері көмір өндірісі бойынша компаниясы болған екен, алайда қазір жоқ. Ок, бірақ бұл бір күдік тудырады», - деді сарапшы.
Украиналық журналист санаулы минуттардың ішінде кез келген депутат пен шенеунік туралы біле алады: жылжымайтын мүлік, туыстық байланыстар, соңғы рет қандай машинаны және шамамен қанша ақшаға сатып алғаны туралы біліп ала алады, деп атап өтті ашық мәліметтер бойынша маман.
Ары қарай жақсы журналист ол депутаттың кіммен дос екенін, ресми түрде емес, шын мәнінде кіммен тұратынын анықтай бастайды. Демек қандай машинамен қайда баратынын, кіммен түскі ас ішетінін, қайда баратынын анду керек, деген сенімде Бабинска.
Мәліметтер – бұл ойлау шикізаты, сараптама және құрылыс схемасы: қалай және қалай болып жатыр. Осы мәліметтер бойынша журналистер өз тұспалын растайды, деді ол.
«Біз әр тиынның, мәселен қалалық бюджет қаржысының қалай жұмсалғанын біле аламыз. Еліміздегі әр қалада жаңа жылдық шыршаны сатып алуға қанша қаржы жұмсалғанын айта аламыз, бізде жаңа жылдық шыршаның мониторингі бар», - деді ашық мәліметтер бойынша маман.
Украина журналистерінің басқа да құралдары бар.
Оның пайымынша, Украинада өзара бәсекелесіп жүрген саяси күштер көп. Бәсекелестіктің арқасында растай алатын немесе жоққа шығаратындай журналистердің өз дерек көзінен ақпарат пайда болуда.
Алайда, бүгінде Украинада осындай ақпараттың болуы ол «журналистердің қанымен» қол жеткізілген дүние.
Оған бүркемелеу, ақпаратты жасыру таныс.
«Барлығы бір партияға немесе бір адамға тиесілі қоғамда ақпарат табу қиын және қауіпті. Алайда Украинада журналистердің телефонынан ақпарат алуға тырысу жағдайлары да болған. Тіпті, біз ЕАҚС-ға (Еуропалық адам құқықтары бойынша сот – ҚазТАГ) жүгінгенбіз. Біздің бұрынғы билік осыны жасағысы келді», - деп еске алды сарапшы.
Оның есептеуінше, барлық журналистер ақпарат алуға тырыса бермейді.
«Мен БАҚ-ты БАҚ және журналистік зерттеу деп екіге бөлемін, мысалы, Одессада 30-дан астам канал бар. Олар БАҚ болуы мүмкін, себебі әр саясаткер немесе бизнесмен өзінің беделі және саяси тұрғыда әсер ету үшін БАҚ құра береді», - деп баға берді сарапшы.
2004 жылғы, 2013 жылғы демократиялық қозғалыстар Украинаның журналистикасына сапалы тұрғыда әсер етті, екі кезеңде қарсылық танытуда, билікті әртараптандыру мен роформаларға қолдау көрсетуде маңызды роль атқарды.
«Журналистік зерттеудің арқасында елімізде шын мәнінде не болып жатқанына баға бере аламыз. Біз қоғамдық және кәсіпкерлік тәуекелдерді түсінеміз және солармен жұмыс істей аламыз», - деді Бабинска.
Журналистиканың сапасы артуда, себебі БАҚ арасындағы бәсекелістік те артуда. Украинада журналистік зерттеу саласында жұмыс істейтін бес БАҚ бар.
«Мен журналистік зерттеу бойынша 5 күнделікті бағдарламаға мониториг жүргіздім. Сапа бәсекелестігі халықаралық донорлардың арқасында бар, олар осы жобаларға қолдау көрсетіп, сапалы өнім шығаруға көмектеседі», - деп сарапшы журналистиканы қаржыландыру туралы да ұмытпады.
Зерттеулердің кей бөлігі «жарқ» етіп, саяси ландшафтқа әсер етеді, деп түйіндеді сарапшы.

adimage