TikTok Балаеваның бұғатталуы мүмкін деген мәлімдемесіне таң қалып, оны негізсіз деп атады

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ –TikTok ойын-сауық сервисі Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұғатталуы мүмкін деген мәлімдемесіне таң қалып, оны негізсіз деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің елдегі TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таң қалдық, өйткені министрлік Қазақстандағы Наурыз онлайн фестивалі, қысқа бейнефильмдер байқауы сияқты көптеген бастамаларымызды белсенді қолдап келген еді. өткен жұмада министрлік өкілі Алматыда өткен іс-шарада сөз сөйлеп, TikTok-ты мәдениет пен басқа да пайдалы контентті насихаттауға көмектесетін платформа ретінде мақтаған еді», - деп мәлімдеді TikTok сәрсенбі күні.
Қауіпсіздікке, әсіресе жас пайдаланушылар туралы, сервис өкілдері «бұл TikTok-тың абсолютті басымдығы» деп мәлімдеуде.
«Біз оған көп күш жұмсаймыз, соның ішінде қауымдастық ережелерін бұзатын контентті белсенді және агрессивті түрде жоямыз. 2023 жылы біз Қазақстанда ережені бұзған төрт миллионнан астам бейнероликті алып тастадық. Біз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі билік органдарымен тікелей жұмыс істейміз. Соңғы айларда кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты контентті өшіру жөнінде өтініш түспегенін айта кету керек. Осыған байланысты және іргелі ынтымақтастығымызды ескере отырып, министрдің мәлімдемесі дәйексіз болып көрінеді», - деп мәлімдеді сервис.
Еске салсақ, 22 сәуірде Балаева Қазақстанда TikTok желісін бұғаттау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан еді.
«Бүгінгі таңда біз әлеуметтік желіде құқыққа қайшы келетін контент санының артқанын көріп отырмыз. Менің ойымша, мен министр ретінде айтайын, қарастыру керек (TikTok-ты бұғаттауды – ҚазТАГ). Себебі оны бәрі қарайды. Балалар қарайды, өздеріңіз де көріп жүрсіздер, неше түрлі балағат сөздер де бар. Тіпті кейбіреулері бал ашып та жатыр», - деген еді Балаева мәжіліс кулуарында.

adimage