Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтетінін ресми түрде мәлімдеді

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, жақын арада минкабинетінің кеңейтілген жиыны өтетінін Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде айтқан еді. 1 ақпанда сенат спикері Мәулен Әшімбаев жиынның 7 ақпанда өтетін мәлімдеді.

adimage