Тоқаев минкабинетінің орнынан түсуін қабылдады – премьер-министр міндетін уақытша атқару Склярға жүктелді

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің орнынан түсуін қабылдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін», - делінген дүйсенбі күні жарияланған Тоқаевтың жарлығында.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage