Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті

Ақтөбе. 27 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті», – делінген хабарда.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді.

adimage