Абай облысында еріген су көпірді қиратты

   Семей.27 наурыз.ҚазТАГ- Абай облысында еріген су көпірді қиратты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "Еріген қар суының салдарынан Аягөз ауданына қарасты "Бозай ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар жолды шайып, көпір құрылымының бір аралығы қирады", - деп жауап берді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
   Көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Айналма жол бар.
   «Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады», - делінген мәліметте.
   Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

adimage