Астанада коммуналдық мүлік пен мемлекеттік сатып алу саласындағы саясатқа Т5,5 млрд жұмсамақ

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Астанада жергілікті деңгейде коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге Т5,5 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жергілікті деңгейде коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 - 1 199 246,4; 2024 - 1 346 846; 2025 - 1 327 340; 2026 - 852 170; 2027 - 852 170», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жоба мақсаты - өзіне жүктелген функцияларды неғұрлым тиімді орындауға қол жеткізу үшін аппарат қызметін қамтамасыз ету.
«Міндеттер: жергілікті бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік саласында мемлекеттік саясатты жүргізу», - деп жазылған жобада.

Фото көзі: pixabay.com


adimage