Қазақстан өз терминалынан ТХКБ бойынша бірінші контейнерлік пойызын жөнелтті

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ қазақстандық терминал іске қосылды, деп хабарлады көлік министрлігінен.
«Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ қазақстандық терминал іске қосылды», – делінген сәрсенбіде ресми сайтта жарияланған хабарда.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық терминалдан алғашқы құрама пойыз жөнелтілді.
Сиань қаласының халықаралық құрғақ порты контейнерлік пойыздарды жөнелту және өңдеу көлемі бойынша Қытайда бірінші орынға ие.

adimage