«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені бойынша бюджеттік жобаға Т78 млрд астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ -  «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені бойынша бюджеттік жобаға Т78 млрд астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Пилотсыз ғарыш аппараттарын ұшыру үшін орта сыныптағы ғарыштық мақсаттағы жаңа буын зымыранының базасында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 14 700 000; 2025 жыл - 60 862 510; 2026 жыл - 1 684 733; 2027 жыл - 774 907», - деп бюджет жобасында айтылған.


Жалпы сома – Т78 022 150 000.

Мақсаты - аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және қолдау.

«Міндеттер: «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құрудың аяқталу деңгейі 2025 жылы - 92,84%, 2026 жыллы - 94,7%, 2027 жылы - 95,55%», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: roscosmos.ru


adimage