Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады Жоғары соттың баспасөз қызметінен.
«Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасын іріктеу аяқталды», - делінген хабарда.
Алқабилер алқасының құрамына 12 адам іріктелді: 10-негізгі, 2- қосалқы.
Келесі ашық режимде өтетін сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызы сағат 16.00-ге тағайындалды. Яғни алқабилер іріктелгесін бір сағаттан кейін.

adimage