Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр

   Алматы.28 наурыз.ҚазТАГ- Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімі Ерболат Досаев.
  «Жетісу ауданында 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Есентай өзенінің бойында – Көкжиек шағын ауданында және Черновицкая көшесінің бойында екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлады әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде.
   Оның айтуынша, бұл жобалар 2023 жылы ауданда жайлы қалалық орта құру аясында басталған.
  «Жоба аясында скейт алаңдар, футбол және баскетбол алаңдарын, балалар ойын және спорт кешендерін, серуендеу аймақтарын орната отырып, автоматты суару жүйесімен көгалдандыру арқылы жағалаулар мен саябақ аймақтарын жайластыру көзделген», - деп қосты Досаев.
  Қала басшысы атап өткендей, Алматыда жайлы қалалық орта құру бойынша белсенді жұмыс жалғасады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage