Дүйсенбі күні Астанада күн күркірейді, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Астанада күн күркірейді, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада күн күркірейді, 9-14 м/с жел тұрады. Күн күркірегенде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +20+22.
Алматыда күн бұлтты. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +6+8 және күндіз +16+18.
Шымкентте күн бұлтты, 8-13 м/с жел тұрады. Екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +22+24 және түнде +5+7.

adimage