Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Белсенді циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел тұрады. Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. ҚР бойынша тұман түседі, оңтүстігінде күн күркірейді, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ», - делінген хабарда.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +1+3 және күндіз +5+7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10 және күндіз +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр, түнде нөсер жаңбыр жауады. Ккейде күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13 және күндіз +19+21.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +3-8, түнде -1+4.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Жетісу облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, тауларында нөсер жаңбыр жауады, кейде күн күркірейді. Күндіз +19+24, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Күндіз +3+8, түнде +1+6.
Атырау облысында да жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде +2+7.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде +2+7.
Қостанай облысында да жаңбыр жауады. Күндіз +4+9, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Павлодар облысында күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде -4+1.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Ұлытау облысында түнде жаңбыр жауады. Күндіз +11+16, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде -4+1.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде -3+2.
Қызылорда облысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз +16+21, түнде +7+12.
Жамбыл облысында тауларында кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз +16+21, түнде +9+14.
«Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде жаңбырдың болжануына байланысты қар еріп, тау баурайларында ағынды сулар қалыптасады. Шығыстағы және жазықтықтағы өзендерде күндізгі ауа температурасының ары қарай көтерілуіне байланысты қардың қарқынды еруі, еріген қар суының қалыптасуы, мұздардың еруі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, сонымен қатар сулардың тасуы мен су басуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage