Шығыс Қазақстанда жеңіл атлетика спортшыларын дайындау қызметіне Т464 млн жұмсау жоспарлануда

    Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жеңіл атлетика спортшыларын дайындау қызметіне Т464 млн жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Тапсырыс беруші – «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ; атауы - спорттық және ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - жеңіл атлетика спортшыларын дайындау, ұстау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатыстыру қызметтері; жоспарлы сома - Т464 285 714.29», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 3 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтпек.
   Лоттың мәртебесі – жарияланды.
   Талқылау 26 наурызда басталған, аяқталу мерзімі 2 сәуірде.

Фото көзі: pixabay.com


adimage