Тоқаев Алтай Көлгіновты Эстония елшісі етіп тағайындады

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновты Эстония елшісі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарда.
Нұрлан Сейтімов бұл қызметтен босатылды.
Көлгіновтың соңғы жұмыс орны – 20232 жылдың маусымына дейін премьер-министрдің орынбасары. Оған дейін ол Астананың, Батыс Қазақстан облысы мен Оралдың әкімі болған.

adimage