Тоқаев наурыз айының аяғында Қытайға барады

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының аяғында Қытайға барады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады», – делінген хабарда.
Президент бұл елде ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

adimage