Алматылық Бостандық ауданының 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы ұсынылды

Алматы. 24 қараша. ҚазТАГ – Олжас Павлик. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бостандық ауданының әкімі Санжар Меңдібайұлы 2023 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын ұсынды.

«Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары» тақырыбында өткен баспасөз-конференциясында С. Меңдібайұлы ауданның экономика, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту денсаулық сақтау, білім беру, спорт, жол мәселелеріне, т.б. қатысты есебін беріп, алдағы жылдардағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуыншы, соңғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша аудан бойынша бірнеше өзгерістер еніп, айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

«Бүгінде Бостандық ауданы Алматы қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосуда. Барлық әлеуметтік-экономикалық салаларда көрсеткіштердің қарқынды өсуі байқалады. Мәселен, 10 айда ауданның өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 85,4 млрд. теңгені құрап, негізгі капиталға инвестициялар 308,8 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ, 9 625 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 70% орындалды (13753 орын)», - деп атап өтті Бостандық ауданының әкімі Санжар Меңдібайұлы.

Аталғандардың ішінде мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселелерін шешу үшін аудан бойынша 8000 орындық 5 жаңа мектеп салу жоспары айтылды. Еске салсақ, бүгін де Бостандық ауданы бойынша оқушы орындарының тапшылығы – 3679 орынды құрайды. Одан өзге ауданда жаңа 5 денсаулық сақтау объектісін салынып, реконструкциялау және күрделі жөндеу жүргізіледі. Спорт және мәдениет объектілері бойынша әкім 9 мәдени-демалыс нысаны орналасқандығы, онда 600-ден астам адамды қамтитын 50-ге жуық үйірме жұмыс істейдін атап өтті.Халықтың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін аудан аумағында 5 кітапхана жұмыс істейді. Оқырмандар саны 74 мың адамға жетті. Кітап қоры 15 миллионнан асып, үнемі жаңартылып отырады.

Ауданда 98 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: 30,5 мың м2 асфальт пен 9 320,05 м2 төсеніштер төселді.Гагарин-Березовский, Розыбакиев-Березовский, Розыбакиев-Ходжанов, Жароков-Си Синхай, Әуезов-Өзтүрік, Садықов-Роза алқабы, Жандосовтың оңтүстігіндегі Манаса көшелерінде, ҚазҰУ-да 8 бағдаршам орнатылды.

Баспасөз-конференциясында қызу талқыланған жарық мәселесі де өз жауабын тапты. Бостандық ауданының әкімі С. Меңдібайұлының айтуынша, аудан бойынша 23 388 жарық нүктелері іске қосылды. Одан өзге, осы жылы 80 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 800 млн. теңге сомасына 17 жоба іріктеліп, оның ішінде 4 қоғамдық кеңістік, 10 спорт және балалар алаңында жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазіргі уақытта ҚМЖ аяқталуда.

adimage