«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel-ді катар компаниясына сату туралы шешім қабылдады

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ Tele2 мен Altel мобильді операторларын катарлық Power International Holding компаниясына сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
"Қазақтелеком" АҚ "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-дегі "Қазақтелеком" АҚ -ға тиесілі қатысу үлесінің 100%- ын Power International Holding (PIH) (немесе PIH-тің 100% меншігіндегі PIH-тің еншілес компаниясының ) пайдасына өткізу жолымен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС -нің құрамынан шықсын», – делінген қазақстандық компанияның мәлімдемесінде.
Tele2 мен Altel-ді сатуды қолдап 8 655 586, қарсы 6632 акционер дауыс берсе, 995 772 адам дауыс беруден қалыс қалды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге 93 067 044 000 теңге мөлшерінде шоғырландырылған таза кірістің 24,79%-ы бағыттау туралы шешім қабылданған. Компания акциясының 71,3%-ы «Самұрық-Қазынаға», 8,1% -ы Jusan Bank-ке тиесілі. Нәтижесінде қазақстандық банктер Т23 млрд шамасында алады.
Ақшаның қалған бөлігі «Қазақтелекомда» қалады.
Еске салсақ, бұған дейін ұлттық экономика министрлігі «Қазақтелеком» «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ні бәсекелес ортаға сатуы керек деп шешкен еді. Мәміле осы жылдың аяғына дейін аяқталуы керек болатын.

adimage