Тоқаев жаңа бизнес-омбудсменді тағайындады

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарламада.

Бұған дейін, Нұров 2011 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі, оған дейін 2006-2007 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры, 2000-2006 жылдары «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті - қаржы жөніндегі бас директоры қызметін атқарған.

«Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі ретінде 2020 жылдың ақпанынан бастап қызмет атқарған болатын.

adimage